Электрмен қамтамасыз ету» бөлімнің «Мамандығым-мақтанышым» атты апталығы
Электрмен қамтамасыз ету» бөлімнің «Мамандығым-мақтанышым» атты апталығы
«Электрмен қамтамасыз ету» бөлімінде 2018 жылдың 19-26 желтоқсан аралығында «Мамандығым-Мақтанышым» атты апталық өтті.
Мақсаты:
– Жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді еңгізу арқылы еңбек нарығында жұмыс берушілердің сұранысына ие cапалы мамандар дайындау.
– Инженер педагог кадрлардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру;
-Студенттердің пәнге қызығушылығын және мамандығына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;
Апталық барысында бөлім оқытушылары және өндірістік оқыту шеберлері өз пәндері бойынша 4 ашық сабақ өткізілді. Барлық өткізілген ашық сабақтар, сайыс, жоба қорғау, ғылыми техникалық конференциялар жаңа инновациялық технология элементтерін пайдаланып оқытушының шеберлігі мен іскерлігін және кәсіби құзыреттілігін шыңдауға бағытталды.
Апталық уақытында студенттер арасында ынтымақтастық атмосферасы бұрынғысынан да тереңдеп, бір-біріне деген мейірімділік, қайырымдылық сезімдері одан әрі жанданып, диалогтік қарым-қатынасы артты. Көп сөйлемейтін тұйық студенттер, тасада қалып қоятын студент болмай барлығы да жұмыс жасап ынтымақтастық атмосферада қалыптасты.
Жоспарланған ашық сабақтар, сайыстар, ғылыми-техникалық жобалар, конференциялар студенттердің арасында қызығушылық тудырған мәселелер бойынша сұрақтарға жауап іздеуде олардың ізденімпаздығы, шығармашылығы, сөйлеу және ойлау қабілетін дамытуға оң әсер етті.
Сабақ кезінде қолданылған деңгейлеп оқыту, сын тұрғысынан ойлау, рольдік ойындар студенттердің нақты ғылымдарға деген сүйіспеншілігін арттырып, болашақ мамандығына кәсіби бейімдеді. Шығармашылық бағытта студенттер сөзжұмбақ, ребустар, крассвордтар шешті.
Қорытынды кеште өткізілген «Мамандығым-мақтанышым» атты апталық жоспарға сай тартымды әрі қызықты өтті. Апталыққа белсене қатысқан студенттер колледжішілік диплом және алғыс хаттармен марапатталды. Әрбір пән оқытушысы басты міндеті студенттің маман ретінде қажетті қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын, шығармашылығын қалыптастыру үшін сабақтарда қолданылған әдіс- тәсілдердің тиімді екендігіне көзіміз жетті.
«Гуманитарлық пәндерде ұлттық құндылықтар арқылы маман тұлғасын қалыптастыру»
10-15 желтоқсан аралығында 2018 жылы жалпы білім беретін пәндер, гуманитарлық циклі бойынша «Гуманитарлық пәндерде ұлттық құндылықтар арқылы маман тұлғасын қалыптастыру» атты тілдердің және тарих пәндерінен бекітілген жоспар бойынша апталық болып өтті.
Мақсаты: Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде және тарих пәндеріне деген қызығушылықтарын жоғарылату мақсатында, студенттердің танымдық белсенділіктерін арттыру.
Мемлекеттік тіл – қазақ тілін қадірлеп, қастерлеуге үйрету. Өзінің де өзгелердің де ана тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға, орыс ағылшын тілдеріне қызығушылығын арттыру, қазақ халқының ауыз әдебиетінің құндылығын қастерлеп, оны бағалай білуге тәрбиелеу. Жас ұрпақтың бойында ұлтжандылық, отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, туған жеріне құрметтеуге тәрбиелеу.
Апталық дүйсенбіде ағылшын пәні оқытушысы Ізбасарова Арайдың «The most popular Kazakh writers. Synonims, antonims» тақырыбында ашық сабақ өткізілумен басталды. Бұл сабақта халық ақын жазушылары Абай Құнанбаевпен, Мұхтар Әуезовтің өмірлері баяндалып, мәтіндерден синоним, антоним таптырды. Сабақ 3 тілде жақсы өткізілді. Студенттер белсенді қатысты.
11-желтоқсан күні тарих пәні оқытушысы Анисимова «Независимый Казахстан» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты, студенттердің Отанына деген сүйіспеншілік құрметін арттыру, туған жерінің қадірін ұғындыру, патриоттыққа тәрбиелеу болды. Бұл тәрбие сағат та тағылымы мол сабақ болды.
12-желтоқсан Қазақ тілі пәні оқытушысы Разиева М және тарих пәні оқытушысы Көшербаева Б біріккен түрде 2 курс 12 топқа жүргізілген «Саяси қуғын-сүргін құрбандары, Мағжан Жұмабаев тақырыбында кіріктірілген ашық сабағы болып өтті. Сабақтың негізгі мақсаты: Саяси қуғын – сүргін жылдары жайлы, Мағжанның өмірі, қуығын – сүргін жылдарындағы көрген азабы туралы білімдерін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру, нақты мәліметтерді қабылдау дағдыларын қалыптастыру, өз ойларын жеткізудегі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру болса, тәрбиелік мақсаты репрессияның маңызын түсіндіру арқылы, туған халқының талантты ақынына, әдебиетке, туған елге деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, студент бойына Отанға деген сүйіспеншілік сезіміне, патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қиындыққа төзе біліп, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу арқылы өз елінің тарихына қызығушылығын арттыру болды.
Бұл сабақта саяси қуғын –сүргін кезіндегі өмір, көрініс арқылы сомдалып, бейнекөріністер арқылы сабақтар түсіндіріліп, әр тапсырмалар арқылы сабақ пысықталып, студенттер өздері қорытындылады. Сабақ өте жоғары дайындықпен жүргізіліп, жаңа технологияны жүйелі пайдаланып, студенттер сабақта түгел қамтылып, белсенді болып, өте жоғары деңгейде өткізілді.
13-желтоқсан Орыс тілі мұғалімі Бисембиеа А. Мен орыс әдебиеті оқытушысы Аманова Г біріккен түрде 1 курс 1 топ студенттерге «Имя существительное, Моя Родина-Казахстан» тақырыбында кіріктірілген сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Студенттерге туған жерінің тарихын түсіндіре отырып, ойларын дамытуға, білімдерін кеңейтуге ықпал жасау болды.
Сабақта әр түрлі әдіс –тәсілдер қолданылып, студенттерге білімдерін жан-жақты ашуға мүмкіндік берілді. Студенттер белсенділігі артты. Сабақ жақсы деңгейде өтті.
13-желтоқсан қазақ тілі пәні оқытушылары Габдуллина А және Ажмагинова А «Қызықты қазақ тілі әлемі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. 2-топ 1 курс студенттерінің қатысумен өткізілген бұл сайыстың мақсаты туған тілін құрметтеуге, қадірлеуге үйрету болды. Студенттер топтасып жұмыс жасай отырып, білімдерін салыстырды. Мұнда, мақал құрау, ертегі – жырлардан үзінді беріліп, тақырыптары мен идеялары сұралды. Тұрақты сөз тіркестерін тауып, өлеңдер мәнерлеп оқылды. Нәтижесінде қазылардың шешімімен сұңқар тобы жеңіске жетті. Тәрбие сағат қызықты өтті.
14-желотқасан тарих пәні оқытушысы Абуғалиева Тойғанның ұйымдастырумен «Тәуелсіздік – арман, қол жетпес мұрат» тақырыбында колледжішілік ашық тәрбие сағат өткізілді. Мақсаты: Тәуелсіздіктің қандай қиындықпен келгенін студенттерге түсіндіре отырып, желтоқсан құрбандарын еске алу, тарихымызды құрметтеуге, елімізді қорғаған батыр – бабаларымыздың ерлігін мәңгі құрметтеуге тәрбиелеу. Бұл тәрбие сағаты колледждің акт залында өткізілді. Көріністер сомдалып, патриоттық әндер айтылып,
Студенттерге үлгі боларлықтай рухтарын жігерлендірген керемет бір кеш болды.
Қорытынды. Апталық өз деңгейінде сәтті өтті. Қойылған мақсаттар мен міндеттер орындалды. Барлық оқытушылар іс-шараларға, ашық сабақтарға жақсы ұйымшылдықпен белсене қатысты.
Жасалынған жұмыстарды талдап, қорытындылай келе, оқытудың дәстүрлі емес нысандарын қолдану, оқытушылардың да, студенттердің шығармашылық жолда өсуінің бірден – бір кепілі.
Сабақта жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану
Атырау энергетика және құрылыс колледжінде 2018 жылдың желтоқсан айының 03.12-08.12 күндері аралығында «Сабақта жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану» тақырыбында жаратылыстану математикалық бағыты апталығы өткізілді. Бұл апталықтың негізгі мақсаты студенттердің ойлау қабілетін және шығармашылық белсенділігін дамыту және өзара іс – тәжірибе алмасу. Апталықта іс шаралар жоспарлы түрде өткізілді. «Жаратылыстану пәндері әлеміне саяхат» тақырыбында пәндер бойынша викториналық сұрақтар,сөзжұмбақ,жұмбақтар әзірленіп стенд ұйымдастырылды.
Желтоқсан айының 3 күні колледж ішілік жиында апталықтың салтанатты ашылуы өткізіліп,өткізілетін іс шаралар жоспарымен, бағалай критерийлерімен таныстырылды.3 желтоқсан күні КӘЦ жетекшісі Алиева А.Н және Темірғалиев Р.«Қабырғалар газеті» конкурсын өткізді. 3 желтоқсан күні 17 топ студенттері информатика пәнінен « Создание и форматирование МS Word» тақырыбында ашық сабақ өтті,пән мұғалімі Кабиева А.С.Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырылды.
Желтоқсан айының 4 күні 2 топ студенттерімен математика пәнінен «Нақты көрсеткіштік дәреже және оның қасиеттері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Мукашева А.С.. Бұл ашық сабақта студенттер жаңа ұғымдарды меңгеріп оларды есептер шығаруда қолдануды үйренді. Психологиялық ахуал туғызу. Студенттерге жақсы көңіл күй сыйлау,өздері туралы жақсы сөз айтуға дағдыланды.
4 ші желтоқсан күні 4 топ студенттері Галямов К.М. ұйымдастыруымен «Гимнастика» тақырыбында колледждің спорт залында өткізді. Әр кезең өте қызықты өтті.студенттер белсенділікпен қатысты. Сайыс өз мақсатына жетті. Желтоқсан айының 5 күні дене шыңықтыру пәнінен колледж спорт залында 14 топ студенттеріне «Асық ойының ойнау технологиясы» тақырыбымен ашық сабақ өтті. Пән мұғалімі Қайырғалиев С.Д..
Студентерді қатарға тұрып, сәлемдесу, рапорт тапсырылды. Пән мұғалімі сабақ мақсаттарымен таныстырды. Сергіту сәті «Спорт түрін тап» студенттер берілген суреттер арқылы сабақтың тақырыбын тапты. Топ 2 командаға бөлінді. Сабақ соңында студенттерге ревлекция жүргізді. Студенттер,жаттығу барысынды қателескен студенттер саптан бір қадам алға шығып қатесін ортаға айтып,түзеді. Видео қайталау арқылы бір-біріне баға берді. Сабақ жақсы өткізілді, өз мақсатына жетті.
Желтоқсан айының 8 күні студенттердің ой өрісін артыру, пән бойынша алған білімдерін қолдана білуін, дағдысын шығармашылық қабілеттерін дамыту және командада топпен, ұжыммен жұмыс істе» білуге баулу мақсатында 2 топ студенттері арасында «Электросыйымдылық. Конденсаторлар. Электр өрісінің энергиясы» тақырыбында Меңдіғалиева Г.Ғ. ашық сабағы өткізілді. Сабақ өз мақсатына жетті, ашық сабақ жақсы өтті. Ұйымдастыру кезеңінде Ынтымақтастық орта құру мақсатында «Тілек» тренингі өткізді. Шеңбер құрып, студенттер бір-біріне жақсы тілектер айтты. Жұмбақтар есептер арқылы студенттерге сабақ тақырыбын ашты. Үй тапсырмасы кезеңінде студенттерге үйге берілген есептерді бір – бірінін дәптерлерін ауыстырып шешулерін тексерді. «Бағдаршам» бойынша студенттер бір – бірін тексеріп қателерін тексерді. Студентер кезектесіп тақтаға шығып есептер шығарды. Сабақ өз мақсатына жетті, жақсы өтті.
08.12 күні химия пәнінен 17 топ студенттеріне «Темір және оның қосылыстары» тақырыбында интелектуалды ойын өтті. Пән мұғалімі Темірғалиев Р. Сайыс 8 кезеңнен тұрды. Әр тапсырмалар өте қызықты ұйымдастырылған, студенттердің белсенділікпен қатысты. Ұйымдастырылған сыныптан тыс іс шаралар студенттердің ойлау қабілетін және шығармашылық белсенділігін дамыту зор үлесін қосты. Сайыс сабақ жақсы өтті.
Апталықтың соңында жабылуы ұйымдастырылып апталық барысында жақсы атсалысқан студенттер және пәндер бойынша өткізілген сыныптан тыс іс шаралар қорытындысы бойынша жеңіске жеткен топтар алғыс хаттармен марапатталды. Апталық кезінде өткізілген іс шаралар арқылы мұғалімдер оқытушылардың осы пәндердерден терең білімдерін,ұшқыр ойларын дамыта түсті,студенттер ұжыммен жұмыс істеу қабілеттерін жетілдірді, тапсырмаларға жылдам, дұрыс жауап беріп, жаратылыстану пәндеріне деген көзқарастарын ауқымды білімдерін көрсете білді, өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыланды.