«Электрмен қамтамасыз ету және Бағдарламалық қамтамасыз ету бөлімінің атты апталықтың жабылу салтанаты өтті
Атырау энергетика және құрылыс колледжінің 2024 жылдың 5 ақпан күні колледжіміздің АКТ залында «Электрмен қамтамасыз ету және Бағдарламалық қамтамасыз ету» бөлімінің «Еңбек нарығында озық және сұранысқа ие мамандық бірі» атты апталықтың жабылу салтанаты өтті.
Апталықтың мақсаты: Студенттерді мамандығы бойынша теориялық заманауи технологиямен оқыта отырып,кәсіби шеберлікке баулу, құзіреттілігі жоғары мамандар дайындау және өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру және дамыту.
Жабылу салтанатында колледж директоры Джұмағазиев Т.М. апта бойы жасалған жұмыстарды қорытындылап, ұжым мүшелеріне өз алғысын білдіріп қатынасқан студенттерді марапаттады.
Жалпы әр істе жаңашылдық таныту, жауапкершілік иесі болу, студенттерді оқыта отырып дамыту әр оқытушының парызы екенін әр адам сезінді, түсінді, ой түйді. Осындай ауқымды, мазмұнды, мәнді, игілікті істерге бірауыздан атсалысқан Электрмен қамтамасыз ету және Бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының оқытушыларына толағай табыстар мен шығармашылық жетістіктер тілейміз.
Колледж директорының оқу- өндірістік жөніндегі орынбасары Сапарғалиева К.И. апталық қорытындысын айтып, белсенді қатысқан оқушылар әртүрлі сыйлықтармен марапатталды.Бөлім менгерушісі Жиенғалиева Ж.К. өзінің креативті идеясымен ауыспалы Екі жұлдыз кубогін Құрылыс бөлім менгерушісі Боранғалиева Ұ.С табыстады.