Ерліктеріңіз ел есінде

Ауған соғысы Кеңес Одағы кезіндегі қайғылы тарихи оқиғалардың бірі. Биыл ақпанның 15-і күні Кеңес әскерлерінің  Ауғаныстан жерінен толықтай шыққанына 35 жыл толмақ. Осыған орай 8 ақпан Атырау энергетика және құрылыс колледжінде “Ерліктеріңіз ел есінде” атты ауған соғысы ардагерімен кездесу кеші өтіп арты патриоттық іс шараға ұласты.

Шараға ауған соғысы ардагері Даулетбаев Берікбай ағамыз қатынасып жастарға сол жылдары басынан кешкен қиындықтарды,соғыс зардаптарын айтып, студенттерді адалдыққа жақсылыққа шақырды.

Кештің мақсаты ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету, жат жерде көз жұмған жерлес азаматтарды еске алу және жастарға патриоттық тәрбие беру болып табылады.


Жарияланды: 12.02.202413:21

Автор: