Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны

2023 жылдың 27 қараша күні Атырау энергетика және құрылыс колледжінде Тәрбие бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында гинеколог мамандардың қатысуымен «Ерте жүктілік және оның жасөспірім қыз балалардың денсаулығына зияны» атты қыздар жиналысы ұйымдастырылды, бірқатар мәселелер қозғалды!

Шараның мақсаты:Әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін ерте жүктілік, оның денсаулыққа қаншалықты зиян екендігін түсіндіре отырып қыз бала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл-кеңестер беру.

Ерте жүктілік неге әкеп соқтыруы мүмкін? Қыз баласы физиологиялық тұрғыдан ана болуға әлі дайын емес уақытындағы ерте жүктілік ауыр асқынуларға әкеліп соқтырады.

Ерте жүктілік деген не? Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, гормондық қайта құрылу жүреді. Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады.

Ерте жүктілік немен қауіпті? Жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес!


Жарияланды: 05.12.202308:16

Автор: