ЕШКІМДЕ ІШТЕЙ БАТЫР БОЛЫП ТУМАЙДЫ. БАТЫРЛЫҚ ТА МІНЕЗ СЕКІЛДІ ӨСКЕН ОРТА, КӨРГЕН ТӘРБИЕГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚАЛЫПТАСАДЫ. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ.
Бүгiнгi сiздер мен бiздерге, болашақ ұрпаққа Баукең қалдырған асыл аманаттың бiрi – ұлттық, мақтаныш сезiмiн үкiлеп ұстау, ұлт намысын аяққа басқызбау. 1947 жылы Бауыржан Момышұлы өзінің жазып кеткен мына бір өлең шумағында:
«Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде,
– деп жырлар сорлы қазақ мен өлгенде.
Ұрпақ атар сексен мен жүздігімді,
Тарихтың түбінен сөз келгенде, – деп жырлаған
Халық қаһарманын қазақ қашанда ту етіп тұғырынан түсірмей, болашақта сан ғасырлар бойында оның естен кетпес ерлігі мен еңбектері арқылы рухы биік ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеп келеді. Соның бір көрінісі батыр атамыздың туған күніне арнап өткізілген шара деп айтса да болады.
24 желтоқсан, 2021 жылы «Елсана» руханият-патриоттық қауымдастығының «КӨКЖАЛ» батырлар алаңында «Бауыржан жұлдызды болған күн, қазақтың жұлдызы жанған күн» тақырыбында тәрбиелік маңызы зор шара өтті.
Шараны «Көкжал» батырлар алаңының жетекшісі,запастағы майор, «Болашақ» көп-салалы колледжінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Кенжеғалиев Орақ Әбуұлы ұйымдастырды. Шараға осы колледждің «Бәйтерек» және Атырау энергетика және құрылыс колледжінің «Морпех» ( жетекшісі Бижанов Абзал) әскери-патриоттық клубтары қатысып өз шеберліктерімен бөлісті.
Студент жастардың қойылымдарын тамашалаған «Елсана» мүшелері, қарулы күштер ардагері, майор Кенжегулов Аманжол, Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының Алғашқы әскери және технологиялық дайындық кабинетінің әдіскері Теміров Наурыз үлкен ризашылықтарын білдірді.