«Геометриялық есептерді практикалық бағытта шешудің дағдысын қалыптастыру» және «Инклюзивті оқу ортасын құру» тақырыбындағы оқыту семинары
2024 жылдың 2 ақпан күні колледжімізде «Колледждегі математика сабағы: басымдықтар және жетілдіру стратегиялары» бағдарламасы бойынша курстан кейінгі қолдау аясындағы математика пәні оқытушыларының «Геометриялық есептерді практикалық бағытта шешудің дағдысын қалыптастыру» және «Инклюзивті оқу ортасын құру» тақырыбындағы оқыту семинары өтті.
Мақсаты:
– білім алушылардың кеңістіктікті елестету қабілеттерін қалыптастырып, ең алдымен логикалық ойлау, алгоритмдік ойлау, конструктивтілік, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту;
– ерекше білім беруді қажет ететін балаларды физиологиялық жағдайына қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру.
Семинарға «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ Атырау қаласындағы филиалының тренирі Балапанова Ж.Т және облыс колледждері оқытушылары қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Семинарды ұйымдастыруда колледж математика пәні оқытушылар Мукашева А.С, Мурзабекова Б.С,Бөлекбаева Г.Х өз үлестерін қосты. Семинар барысында тақырыпқа байланысты өзекті мәселелер талқыланып, ұсыныстар айтылды. Семинар жоғарғы деңгейде өтіп,оқытушылар жақсы көңіл-күймен тарқасты.