«Гуманитарлық пәндерде ұлттық құндылықтар арқылы маман тұлғасын қалыптастыру»

10-15 желтоқсан аралығында 2018 жылы жалпы білім беретін пәндер, гуманитарлық циклі бойынша «Гуманитарлық пәндерде ұлттық құндылықтар арқылы маман тұлғасын қалыптастыру» атты тілдердің және тарих пәндерінен бекітілген жоспар бойынша апталық болып өтті.

Мақсаты:  Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде және тарих пәндеріне деген қызығушылықтарын жоғарылату мақсатында, студенттердің танымдық белсенділіктерін арттыру.

     Мемлекеттік тіл – қазақ тілін қадірлеп, қастерлеуге үйрету. Өзінің де өзгелердің де ана тілге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға, орыс ағылшын тілдеріне қызығушылығын арттыру, қазақ халқының ауыз әдебиетінің құндылығын қастерлеп, оны бағалай білуге тәрбиелеу. Жас ұрпақтың бойында ұлтжандылық, отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, туған жеріне құрметтеуге тәрбиелеу.

Апталық дүйсенбіде ағылшын пәні оқытушысы Ізбасарова Арайдың «The most popular Kazakh writers. Synonims, antonims» тақырыбында ашық сабақ өткізілумен басталды. Бұл сабақта халық ақын жазушылары Абай Құнанбаевпен, Мұхтар Әуезовтің өмірлері баяндалып, мәтіндерден синоним, антоним таптырды. Сабақ 3 тілде жақсы өткізілді. Студенттер белсенді қатысты.

11-желтоқсан күні тарих пәні оқытушысы Анисимова «Независимый Казахстан» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты, студенттердің Отанына деген сүйіспеншілік құрметін арттыру, туған жерінің қадірін ұғындыру, патриоттыққа тәрбиелеу болды. Бұл тәрбие сағат та тағылымы мол сабақ болды.

12-желтоқсан Қазақ тілі пәні оқытушысы Разиева М және тарих пәні оқытушысы Көшербаева Б біріккен түрде 2 курс 12 топқа жүргізілген «Саяси қуғын-сүргін құрбандары, Мағжан Жұмабаев тақырыбында кіріктірілген ашық сабағы болып өтті. Сабақтың негізгі мақсаты:  Саяси қуғын – сүргін жылдары жайлы, Мағжанның өмірі, қуығын – сүргін жылдарындағы көрген азабы туралы білімдерін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру, нақты мәліметтерді қабылдау дағдыларын қалыптастыру, өз ойларын жеткізудегі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру болса, тәрбиелік мақсаты репрессияның маңызын түсіндіру арқылы, туған халқының талантты ақынына, әдебиетке, туған елге  деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, студент бойына  Отанға деген сүйіспеншілік сезіміне, патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қиындыққа төзе біліп, болашаққа деген сенімдерін жоғалтпауға тәрбиелеу арқылы өз елінің тарихына қызығушылығын арттыру болды.

Бұл сабақта саяси қуғын –сүргін кезіндегі өмір, көрініс арқылы сомдалып, бейнекөріністер арқылы сабақтар түсіндіріліп, әр тапсырмалар арқылы сабақ пысықталып, студенттер өздері қорытындылады. Сабақ өте жоғары дайындықпен жүргізіліп, жаңа технологияны жүйелі пайдаланып, студенттер сабақта түгел қамтылып, белсенді болып, өте жоғары деңгейде өткізілді.

13-желтоқсан Орыс тілі мұғалімі Бисембиеа А. Мен орыс әдебиеті оқытушысы Аманова Г біріккен түрде 1 курс 1 топ студенттерге «Имя существительное, Моя Родина-Казахстан» тақырыбында кіріктірілген сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Студенттерге туған жерінің тарихын түсіндіре отырып, ойларын дамытуға, білімдерін кеңейтуге ықпал жасау болды.

Сабақта әр түрлі әдіс –тәсілдер қолданылып, студенттерге білімдерін жан-жақты ашуға мүмкіндік берілді. Студенттер белсенділігі артты. Сабақ жақсы деңгейде өтті.

13-желтоқсан қазақ тілі пәні оқытушылары Габдуллина А және Ажмагинова А «Қызықты қазақ тілі әлемі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. 2-топ 1 курс студенттерінің қатысумен өткізілген бұл сайыстың мақсаты туған тілін құрметтеуге, қадірлеуге үйрету болды. Студенттер топтасып жұмыс жасай отырып, білімдерін салыстырды. Мұнда, мақал құрау, ертегі – жырлардан үзінді беріліп, тақырыптары мен идеялары сұралды. Тұрақты сөз тіркестерін тауып, өлеңдер мәнерлеп оқылды. Нәтижесінде қазылардың шешімімен сұңқар тобы жеңіске жетті. Тәрбие сағат қызықты өтті.

14-желотқасан тарих пәні оқытушысы Абуғалиева Тойғанның  ұйымдастырумен «Тәуелсіздік – арман, қол жетпес мұрат» тақырыбында  колледжішілік ашық тәрбие сағат өткізілді. Мақсаты: Тәуелсіздіктің қандай қиындықпен келгенін студенттерге түсіндіре отырып, желтоқсан құрбандарын еске алу, тарихымызды құрметтеуге, елімізді қорғаған   батыр – бабаларымыздың ерлігін мәңгі құрметтеуге тәрбиелеу. Бұл тәрбие сағаты колледждің акт залында өткізілді. Көріністер сомдалып, патриоттық әндер айтылып,

Студенттерге үлгі боларлықтай   рухтарын жігерлендірген керемет бір кеш болды.

Қорытынды. Апталық өз деңгейінде сәтті өтті. Қойылған мақсаттар мен міндеттер орындалды. Барлық оқытушылар іс-шараларға, ашық сабақтарға жақсы ұйымшылдықпен белсене қатысты.

Жасалынған жұмыстарды талдап, қорытындылай келе, оқытудың дәстүрлі емес нысандарын қолдану, оқытушылардың да, студенттердің шығармашылық жолда өсуінің бірден – бір кепілі.

 

Бисембиева А.С.

«Гуманитарлық және қоғамдық» пәндер бірлестігінің жетекшісі

 

  


Жарияланды: 15.12.201809:34

Автор: