«Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
2021 жылдың 12 қарашасында Атырау облысының Полиция департаменті бастығы, полиция полковнигі Қ.Үмбетқалиев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында,
Х Азаматтық форумы аясында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру және ішкі істер органдарының жұмысын жетілдіру бағытында полиция қызметкерлерімен иық тіресіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге және халыққа қолдау көрсетуге атсалысып жүрген белсенді волонтер колледжіміздің 2 курс 24 топ студенті Жұмағазиева Мадинаны арнайы Алғыс хаттармен марапаттады.