«ХХІ ғасыр көшбасшысы»
2024 жылдың 1 қараша күні жаратылыстану-математика бірлестігі апталығы аясында МП-24(9) және ТП-24(9) топтарында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» тақырыбында дене тәрбиесінен сабақтан тыс шара өтті.
Шара мақсаты:
А) Оқушылардың спорт туралы білімін теория жүзінде байқау.
Ә) Ойлау қабілетін жетілдіру.
Б) Салауатты өмір салтын насихаттау.
Шара барысында қызықты сұрақтар қойылып, студенттер тез әрі шапшаң жауап беріп, спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, білімдерін жетілдірді.