«Химия ғажайыптары»

2021 жылдың 12 қарашасында Жаратылысатану математика пәндер бірлестігінің апталығының жоспарына сай «Химия ғажайыптары» атты интеллектуалдық ойын(сыныптан тыс шара) ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты: Химия пәні бойынша жан-жақты терең білім беру;студенттердің ой-өрісін дамыту, дүниетанымын кеңейту,студенттердің танымдық білімдерін тереңдетіп, теориямен байланыстыра отырып, мәдениетті де,сауатты сөйлеуге дағдыландыру, іскерлік қасиеттерін дамыту. Студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ізденуге, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу.
«Химия ғажайыптары» атты интеллектуалдық ойынына 1 курс студенттерінен құралған 1 топ «Пісіру ісі» мамандығының «Алғырлар» тобы,19 топ «Техник теплотехник» мамандығының «Атом» тобы, 36 топ «Бағдарламаны құрастыруды қамтамасыздандыру» мамандығының «Жас Химиктер» тобы,4 топ «Электрмен қамтамасыз ету» мамандығының «Болашақ» тобы,15 топ «Кең бейінді құрылыс шебері» мамандығының «Жас қырандар» тобынан құралған 5 команды қатысты.
Сайыс 7 кезеңнен тұрды :
І кезең.Топты таныстыру.
ІІ кезең. «Ойлы болсаң озып көр» деп аталады ( әр топқа сұрақ-жауап)
ІІІ кезең «Біліміңді сына» «Сиқырлы ұяшықтар»
IV кезең Кім тез, кім жылдам?
V кезең. Полиглот кезеңі
VІ кезең. «Қара жәшік»
VІІ. Қорытындылау және марапаттау
Жарысты қорытындылай келе І орынды «Алғырлар» тобы,ІІ орынды «Болашақ» тобы,ІІІ орынды «Жас Химиктер» тобы иеленді.

Жарияланды: 13.11.202110:34

Автор: