«Идеал газ күйінің теңдеуі. Менделеев – Клайперон теңдеуі» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылды
2021 жылдың 9 қарашасында Жаратылыстану – математика пәндер бірлестігінің апталығының жоспарына сай колледждің спорт кешенінде 1 курс 38 топ «Бағдарламалық қамтамасыздандыруды құрастыру» мамандығының студенттеріне физика пәнінің оқытушысы Нуркасимов Р.И.« Идеал газ күйінің теңдеуі.Менделеев – Клайперон теңдеуі » тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырылды.
Сабақтың мақсаты:
1. Менделеев – Клайперон теңдеуімен таныстыру.
Формуланы түрлендіруге, есепке қолдана білуге үйрету.
2. Түрлі әдістермен оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Өздігінен жұмыс істеуге, тиянақтылыққа тәрбиелеу.