«Инновациялық білім беру технологиясы контекстіндегі колледж оқытушыларының әдістемелік құзыреттілігі» атты әдістемелік апталық ұйымдастырылды

Әдістемелік апталық жоспар бойынша 2022 жылдың 10-15 қаңтар күндері
аралығында «Инновациялық білім беру технологиясы контекстіндегі колледж
оқытушыларының әдістемелік құзыреттілігі» тақырыбында өткізілді.
Мақсаты:
инновациялық білім беру технологиясы контексінде оқытушылар құрамының
кәсіби құзыреттіліктерін арттыру мен алдыңғы қатарлы педагогикалық
тәжірибелерін қолдану;
оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің ақпараттық құзыреттілігін
және кәсіби шеберлігін дамыту;
Оқыту және тәрбие үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету;
Білім мазмұнын қазіргі өндіріс талабына сәйкестендіру;
Педагогигалық және ақпараттық- инновациялық технологияларды оқу-тәрбие
үрдісіне енгізудің тиімді жолдарын көрсету арқылы тәжірибе алмасу;
Инновациялық ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қашықтықтан
оқытуды тиімді ұйымдастыру.
Әдістемелік апталыққа колледж басшысы, басшысының орынбасарлары,
бөлім меңгерушілері, пән бірлестік жетекшілері, оқытушылар және өндірістік
оқыту шеберлері қатысты.
10.01.2022ж. «Құзыретті маман даярлау – заман талабы» тақырыбында
тәжірибе алмасу семинарына Рахышева А.Ж. «Колледждің білім беру қызметіне
жаңа заңнамалық нормаларды енгізу нәтижелері туралы», Сапарғалиева К.И.
«WorldSkills: дағдыларды дамыту және жетілдірудің жаһандық алаңы» жөнінде,
Еркулова Э.С., Клешова Ф.Е. «Жас маман» жобасы шеңберінде «Техникалық және
кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын трансформациялау
процесіндегі басшының рөлі:халықаралық тәжірибе»» курсы жөнінде ақпарат
берілді.

Жарияланды: 02.03.202207:38

Автор: