Интелектуалды-танымдық ойын «Менің энергитикам-Менің білім алуым»

2024 жылдың ақпан айының 5 – 12 аралығында «Еңбек нарығында озық және сұранысқа ие мамандықтардың бірі» атты электрмен қамтамасыз ету және бағдарламамалық қамтамасыз ету бөлімінің апталығының жоспарына сай 10 ақпан күні апталық аясында интелектуалды-танымдық ойын «Менің энергитикам-Менің білім алуым» тақырыбы бойынша 1 – 2 курстың білім алушылары арасында 11,26,41,7, 9,16,17,20 Электрмен қамтамасыз ету, Электромонтер, Техник электрик, Техник теплотехник мамандығының студенттері қатынасты, танымдық ойынның ұйымдастырушылары Жакупбаева А.М және Сәбит А.
Интеллектуалдық ойын – жастардың танымдық қабілетін арттырып, интеллектуалды, өнерлі де жігерлі, шығармашыл, еркін ойлай алатын жеке өз мамандықтарын білетін тұлға етіп тәрбиелеу. Жастардың білімдерін пысықтау. Алған білімдерін саралай отырып, оқу іс – әрекетіне деген қызығушылығын арттыру.
Ойын барысы 5 кезеңнен өткізілді. Әр топ қойылған сұрақтың жауабын 1 – 2 минут ішінде жауап беріп,алғырлықтарын көрсетті. Ойын барысында қатысушылар өздерінің алғырлықтарын, білімін, ұйымшылдықтарын жан – жақты көрсете білді.
5 кезең нәтижесі бойынша: І – орын 11 топ Электромонтаж тобы, ІІ – орын 7 топ Электромонтаж тобы, ІІІ – 41 топ Техник теплотехник тобы иеленіп арнайы колледж басшылығының тарапынан дайындалған дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды.
Аталмыш іс – шара нәтижесінде білім алушылардың өте мейірімді, алғыр, жан-жақты, ұйымшыл, алға қойған арман – мақсаттары айқын жандар екендіктеріне көзіміз жетті.

 


Жарияланды: 19.02.202412:37

Автор: