Өңірлік экономикаға арналған кадрлар: қазіргі заманғы кәсіптік білім беру ұйымдарында сұранысқа ие мамандарды, жұмысшылар мен қызметшілерді даярлау тәжірибесі
2021 жылдың 29 сәуірінде халықаралық қатысумен Курсавск аймақтық Интеграл колледжінің ұйымдастырумен “Өңірлік экономикаға арналған кадрлар: қазіргі заманғы кәсіби білім беру ұйымдарында сұранысқа ие мамандарды, жұмысшылар мен қызметкерлерді даярлау тәжірибесі” тақырыбында өңірлік ғылыми-практикалық вебинар өткізілді.
Вебинарға 100-ден астам адам қатысты, оның ішінде: Қазақстан Республикасы Білім беру мекемелерінің әкімшілік өкілдері мен педагог қызметкерлері – “Атырау энергетика және құрылыс колледжі” КМҚК, “Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі”ШЖҚ КМК.
Вебинарға қатысушыларға құттықтау сөздерімен Атырау энергетика және құрылыс колледжінің басшысы Н.К.Темірташев сөз сөйлеп және де колледждің оқытушылары баяндамаларын оқыды:
- Сапарғалиева Күнжамал Ибатқызы (Колледж басшысының өндірістік оқыту жөніндегі орынбасары) – «Әлеуметтік серіктестік – мамандарды даярлау сапасын арттыру факторларының бірі» ;
- Садықов Асанәлі Оңғарбайұлы (өндірістік оқыту шебері) – «Өндірістік тәжірибе -мамандықты игеруге алғашқы қадам»;
- К.Мусалимов Нұрлан Есетұлы (өндірістік оқыту шебері) – «Кадрларды даярлау нысаны ретінде дуальды оқыту жүйесі».
Вебинарда кәсіптік білім берудің және қосымша білім берудің жаңа нысандары мен технологияларын енгізу, кәсіптік білім беру ұйымдарының әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимылы, ТжКБ жүйесі білім алушыларының еңбекке дайындығы, білім алушылардың кәсіптік қызметінің себептері, жұмыс берушілер мен жұмыс күшінің еңбек нарығындағы уәждемелік нұсқауларын келісу мәселелері талқыланды.