«Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу
Атырау энергетика және құрылыс колледжінің арнайы пән оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері 2018 жылдың қыркүйек айының 17-і мен қыркүйек айының 28 аралығында 72 сағат көлемінде «Арнайы пәндерді ағылшын тілінде СLIL, ТBLT әдәстемелері және BOPPPS моделінің интеграциясы негізінде оқыту», «Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіндегі дуальдық оқыту» тақырыптарында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженерлік техникалық қызметкерлері мен халықаралық талаптарға сайкес біліктілікті арттыру курсынан өтті.
Курстың жетекшілері өз дәрежесінде Кәсіптік білім беру орталығы «Кәсіпқор холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамының жанынан ұйымдастыру себебін, біліктілігі жоғары мамандарды даярлау үшін, шетелдік колледждердің үздік практикасын есепке ала отырып, жаңа білім беру бағдарламасын құрастыруда және білікті мамандарды даярлаудың жаңа мазмұндағы қызметінің практикасын таратылуын баяндады.
«Жаңа білім беру бағдарламалары назарды «оқыту үдерісінен» «оқыту нәтижесіне», оқытушылар рөлінің өзгеруіне және білім алушыға назар аударуға бұруды көздейді. 28 қыркүйекте арнайы жасақталған комиссия мүшелерінің қатысуымен, курс тобтарындағы оқытушылар мен өндірістік шеберлер бірігіп ашық сабақ жоспарларын жасап қорғады. Курс сонында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді
Өндірістік оқыту шебері
А.І. Сулейменова