Кәсіптік бағдар беру
2022 жылдың 4 сәуір күні Атырау энергетика және құрылыс колледжінің маманыБисембиева Алия Сулдебаевна Жалпы білім беретін №9 Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.
Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.
Кәсіби бағдар жұмысын жүргізу барысында мектеп бітіруші түлектерге АЭжҚ колледж туралы мәліметтер қазақ тілінде бейнеролик арқылы беріліп, оқытылатын негізгі және қосымша мамандықтар, колледждің тарихы, оқытушылары жөнінде ақпараттар беріліп, мектеп түлектері оқуға шақырылды.