Кәсіптік бағдар беру жұмыстары жалғасуда

Елбасының «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасы міндеттерін орындаудың алғашқы қадамдары да басталып кеткендігі белгілі.Атырау энергетика және құрылыс колледжінің оқытушылары Мұрагер Есенгелдіұлы мен Эльмира Серікқалиқызы №4 облыстық арнаулы шипажайлық мектеп-интернатының 9 сыныпты бітіріші түлектеріне кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарының мақсаты- бітіруші түлекке мамандықты дұрыс таңдау жолдарын көрсету, келешек ұрпаққа бағыт- бағдар беру.Мектеп оқушылары оқу орыны, мемлекеттік грант жайлы сұрақ қойып, білімге деген қызығушылықтарын білдірді.Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс.

  • Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.Сондықтан да мектептің ата-аналармен жұмыс жоспарында кәсіптік бағдар беру мәселелері бойынша әр түрлі ағартушылық шаралар орын алуы қажет. Ол ата-аналар жиналыстарында түрлі тренингтер, әлеуметтік, психофизиологиялық сауалнамалар, әңгімелер, дәрістер ұйымдастыру арқылы ата-аналардың балаларына кәсіби бағыт беру туралы көзқарасына, ұстанымдарына әсер етуге болады. Қала мектептерінде жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмысы жыл сайын өз жалғасын табуда.

Жарияланды: 02.03.202214:08

Автор: