Кәсіптік бағдар жұмысы Индер ауданында

Кәсіптік бағдар жұмысы Индер ауданында

2024 жылдың 17-18 мамыр күндері Атырау энергетика және құрылыс колледжінің мамандары Дюсегалиев А.С,Клешова Ф.Е және Кубашев Б., Сәндібаев Ә. Индер аудандық Білім бөліміне қарасты орта мектептердің 9-11 сынып оқушыларына колледждегі мамандықтармен таныстыру, студенттердің болашақ мамандық және кәсіби бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту мақсатында Кәсіптік бағдар жұмысы ұйымдастырылды.

Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.

Оқушыларға колледждегі әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктерін жүйелеу, тереңдету. Талапкерлерге қойылатын талаптармен таныстыру. Мамандықтың ерекшелігі, оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер беру. Талапкерлердің назарына 2024-2025 оқу жылындағы колледждегі мамандықтар бойынша күндізгі оқу бөлімдеріне қабылдау ережелері таныстырылды. Сонымен қатар колледж мамандықтары туралы қағаздар таратылды. Кездесуге келгендердің барлығы мемлекеттік тапсырыс бойынша болатын мамандықтарға үлкен қызығушылықтанытты.

Колледждің жетістіктері мен мамандықтары туралы презентация мен видео көрсетіліп, баяндалды. Колледждің мамандары мамандық таңдауға септігін тигізу мақсатында өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл-кеңесін айтылды. Олар өздерінің еңбек жолындағы жетістіктерін өздері білім алған шаңырақ осы колледждің мамандар дайындаудағы тынымсыз еңбектің нәтижесі екенін дәлелді айта білді.


Жарияланды: 10.08.202415:11

Автор: