Кәсіптік бағдарлау жұмысы
2021 жылдың 4 ақпан күні Атырау энергетика және құрылыс колледжінің мамандары «Үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған №30 мектеп гимназиясының» 9-11 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдарлау жұмыстары жүргізілді. ZOOM-бағдарламасымен өткізілген кездесу жұмысына оқушылар мен ата аналар қатынасты. Оқушылар мен ата-аналарға колледждің мамандық бойынша керекті мәліметтер және ақпараттар түсіндірілді.
Кәсіптік бағдарлау жұмысының негізгі мақсаты – ең қажетті колледждің мамандықтары жайлы айтып беру және оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауға көмек көрсету. Болашақта жұмыссыздар қатарында болып қалмас үшін қазірден бастап болашақ мамандықты таңдауда барлық жауапкершілікпен және асығыстық танытпай мұқиат кірісу керектігі айтылды.