“Күзгi бал-2018” сайысы

Қараша айының 9 күні колледжішілік Жастар ісі жөнінде комитеттің ұйымдастыруымен “Күзгi бал-2018” сайысы өткізілді. Колледжішілі дәстүрлі сайысқа 6 жұп қатысып, жоғары деңгейде өрнекті өнерлерін көрсетіп,көрерменге керемет күзгі әсер сыйлады.Байқаудың қорытындысы бойынша «Күз ханзадасы – 2018» номинациасымен Тілепбергенұлы Рустам және «Күз ханшайымын» атағын Байсұлтан Нұрбеке «Техник-құрылысшы» мамандығының 1 курс студенттері иеленді.

Атырау облысы  Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Жастар таңдауы – Атырау» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «ASU 25» атты Атырау Студенттер Ұйымын жетілдіру аясында 28 қараша «Армата» мейрамханасында Атырау облысының жоғарғы және арнаулы оқу орындары арасында облыстық «Күзгі бал – 2018» байқауы өтті.

Керемет кешке қатысқан Атырау энергетика және құрылыс колледжінің белсенді студенттеріне алғысымыз шексіз.–«Күзгі балды» өткізудегі негізгі мақсат – жоғары, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында білім алатын студент жастар арасында берік рухани байланысты, жастардың бойында мәдени және шығармашылық қабілетті қалыптастыру болып табылады. Байқауды Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай, жастардың тарихи танымын, отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру үшін ұйымдастырдық» – дейді қазылар алқасының төрағасы, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысы Роллан Құспан.

Таныстыру, күзгі сән үлгісі, үздік өнер сайысы бойынша бақ сынаған жұптар бар өнерлерін паш етті. Өздерінің біліктілігін, талғамдарының жоғары екендігін дәлелдей білген жастар сайысы көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады. Өнерлі жұптардың қай-қайсысы да өз кезектерінде бірінен-бірі асқан талап, таланттарымен ерекшеленді. Олардың күзгі сән үлгісі де сергек ой мен қиялдың жемісін көрсеткендей дүние болды. Ал, музыкалық колледж студенттері Назерке мен Айдар ерекше би үлгісімен көрермендерін тәнті қылды.


Жарияланды: 28.11.201810:13

Автор: