КОЛЛЕДЖ БАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
25 сәуір күні Атырау энергетика және құрылыс колледжінің базасында Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенованың төрағалығымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларының кезекті кеңесі өтті.
Аталған кеңесте Білім және ғылым министрлігінің хаттамалық тапсырмасының орындалысы негізінде орта кәсіптік білім беру ұйымдарында дуалдық білімді жетілдіру, сондай-ақ, Piza халықаралық зерттеулерді өткізу, колледждерді ірі және шағын кәсіпорындар қамқорлығына беру, жұмыс берушілердің қатысуымен оқу бағдарламаларды қайта жасақтау, ТжКББ биыл бітіретін түлектерді жұмысқа орналастыру, жазғы сессия, жаңа оқу жылына қабылдау туралы сөз қозғалды.
Аталмыш жиын соңында Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорларына кейбір мәселелер бойынша кеңесін айтып, хаттамалық тапсырмалар берді.