«Колледж және отбасы ынтымақтастығы» атты жалпы ата-аналар жиналысы

2024 жылдың 9 ақпан күні Атырау энергетика және құрылыс колледжінде Тәрбие бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес «Колледж және отбасы ынтымақтастығы» атты жалпы ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.

Жиынның негізгі  мақсаты: Жасөспірімдердің жеке бас қауіпсіздігін сақтау, қоғамдағы келеңсіз жағдайлардың алдың алу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық, қылмыстардың алдын алу жолдары, жасөспірімдер арасындағы стресс пен суицидтің жол бермеу. Әр отбасының студент тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, студенттің жақсы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.

Жиында колледж директоры Джумағазиев Т.М. сөз алып колледжіміздің ішкі тәртіп ережесімен және жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық жағдайдың,олармен болатын оқыс оқиғалардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмысын жүргізу тапсырылды.

  1.  «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алу жолдары» – Жергілікті полиция қызметі басқармасы Ювеналды полиция тобының аға инспекторы
  2.  Жасөспірімдер арасындағы есірткі нашақорлығымен күресу және алдын алудың өзекті мәселелері -Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Джангалиева Марьяна Қазбекқызы
  3.  Отбасы ішіндегі зорлық – зомбылықтың алдын-алу негіздері – Атырау қаласы Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімі Әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау тобы инспекторы полиция аға лейтенант Оракбаева Айгерим Турганбайкызы
  4.    4.  «Діни экстремизмнің қауіпіне қарсы тұрудың мәселелері мен болашағы» «Шапағат деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологі Сариев Сұлтангелді Серікұлы

 

 


Жарияланды: 19.02.202412:30

Автор: