КОЛЛЕДЖДЕ ОҚУ ДАЛА ЖАТТЫҒУЫ БАСТАЛДЫ

КОЛЛЕДЖДЕ ОҚУ ДАЛА ЖАТТЫҒУЫ БАСТАЛДЫ

Патриоттық тәрбиенің жастар болашағы үшін маңызы зор. Атырау энергетика және құрылыс колледжінің студенттеріне 5 күндік оқу-дала жиыны басталды. Онда жас өрендер әскери өнердің қыр-сырына машықтанады. Жыл сайын өтетін оқу-дала жиынына әдеттегідей 1-2 курс студенттеріне ұйыидастырылуда.

“Оқу-дала жиынының басты мақсаты – жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу. ҚР Қарулы күштерінің қатарын толықтыру мақсатында өтіп жатыр. Оқу-дала жиыны жастарға тактикалық дайындық, атыс дайындығы, саптық дайындығы, әскери топография жөнінде өткізіліп жатыр”-деді Олар 5 күн бойы әскери өмірдің темірдей қатал тәртібімен танысып, ұрыс әдістерін үйренеді. Алғаш рет қару қолданып, сарбаз міндетін сезінбек.

Бүгінгі 5 күнге созылатын әскери жаттығу шарасына 9 топ 150 студент қатысуда. 20-24 мамыр күндері аралығында өз базасында 1-2 курстың ұлдарына Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінен «Тактикалық дайындық», «Атыс дайындығы», «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа әскерлер және әскери құрылымдарының жалпы әскери жарғылары», «Саптық дайындық», «Азаматтық қорғаныс», қыздарына «Медициналық білім негіздері» бойынша практикалық, спорттық, ақпараттық алғашқы дәрігерлік көмек практикасы түрінде өткізіледі. Жыл бойы алған білімдерін практика жүзінде жүзеге асырады.


Жарияланды: 10.08.202415:07

Автор: