Колледждің тәрбие процесіне жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу арқылы құзіретті маман даярлаудың заманауи модернизациясы

  2022 жылдың 14 қаңтар күндері Атырау энергетика және құрылыс колледжінің жылдық жоспарына сәйкес «Инновациялық білім беру технологиясы контекстіндегі колледж оқытушыларының әдістемелік құзіреттілігі» атты әдістемелік апталық ұйымдастырылды.Апталықтың жоспарына сай Тәрбие бөліміне қарасты бөлімдердің «Колледждің тәрбие процесіне жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу арқылы құзіретті маман даярлаудың заманауи модернизациясы» тақырыбында тәрбие бөлімінің тәжірибе алмасу семинары ұйымдастырылды.

       Тәжірибе алмасу семинарының мақсаты: Студенттің тұлғасының-патриоттық,білімді,денсаулығы мықты,жауапты және жігерлі,инновациялық экономикалық жағдайында табысты жұмыс істейтін, Қазақстан халқының жалпыадамзаттық құндылықтары мен мәдениетін, патриоттық идеясын сіңірген, толерантты әлемге танымал және құрметті тұлға ретінде дамуы, өзін-өзі дамытуы және өзін-өзі көрсету үшін оңтайлы жағдайлар жасау.

      Семинарға қатысушылардың өзара тығыз байланыста тәжірибе алмасуына қолайлы жағдай жасалып, тәжірибені жүзеге асырудың оңтайлы жолдары талқыланды.

      Семинар жоспары бойынша: Алғы сөз директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары сөз сойлеп тәрбие жұмысын ұйымдастыруда студенттерді тәрбиелеудегі топ жетекшілер мен ұстаздардарымызға шығармашылық табыс тіледі.Сөз сонынан кейін баяндамашыларға кезек берілді.

  1. Колледж психологі: Нығметова Эльмира Қуатқызы «Педагог-психологтардың жұмысын ұйымдастырудың ғылыми-тәжірибелік негіздері» тақырыбында баяндама жұмысы.
  2. Колледж медбикесі: Есенғалиева Батима Султанғалиқызы «Covid-19 вирусы кезіндегі вакцинация: оң және теріс жақтары» дәріс жұмысы
  3. Колледж кітапханашысы Сариева Айгул Амангелдіқызы «Ұлттық тәлім-тәрбие парасаттылық бастауы» атты жылдық жұмысының қорытындысы
  4. Колледждің АӘД жетекшісі:Бижанов Абзал Жумабаевич «Патриоттық тәрбие – тәрбиенің негізі» атты әскери- патриоттық тәрбие жұмысы
  5. Спорт секциясының жетекшісі: Жумагазиев Бигали Маратович «Спорттық секциялар жұмысына студенттерді қызықтыру» тақырыбында понарамалық жұмысы
  6. Колледждің әлеуметтік педагогі Абуғалиева Тойған Шыңғысқызы «Қоғамдық сананы жаңғыртудағы инклюзивті білім берудің рөлі»баяндама жұмысы
  7. Жастар ісі комитеті жетекшісі Әйіпов М.Е. «Колледждегі тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді жолдары» атты коучинг жұмысы ұйымдастырылды.

      Колледжіміздің жастар ісі комитетінің ұйымдастырылған сергіту жаттығулары, командалық рухты насихаттаушы «Команданың бірігуі» тренинг жаттығулары әріптестер арасында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырды.

     Семинар соңында қатысушылар ақпараттың пайдалылығы мен тәжірибелік тұстары туралы, сондай-ақ осындай іс-шаралардың жиі ұйымдастырылу қажеттігін атап өтті.


Жарияланды: 02.03.202212:27

Автор: