«Комирнати» (Пфайзер, АҚШ) мРНҚ-вакцинасымен жүргізу»

➡️🆕Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 20.10.2021 жылғы №46 Қаулысымен таныстыру мақсатында, Қазақстан Республикасында халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды «Комирнати» (Пфайзер, АҚШ) мРНҚ-вакцинасымен жүргізу» туралы 2021 жылдың 30 қарашасында Атырау энергетика және құрылыс колледжінің базасында Pfizer -вакцинация туралы түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды.
«Коронавирус инфекциясының алдын алудың бірден-бір жолы – екпе алу» тақырыбында ата –аналарға түсінік жұмысы.
Шара барысында:“Атырау қалалық №1 емханасының директорының орынбасары Камелова Дина Базарбайқызы және колледж медбикесі Есенғалиева Батима студенттер арасында ұжымдық иммунитет қалыптастыру және жаппай екпе алуға қатысты түсінік жүргізді.
«Комирнати» – SARS-CoV-2 тудыратын коронавирустық инфекцияның профилактикасына арналған мРНҚ (нуклеозидтермен модификацияланған) негізіндегі КВИ-ге қарсы вакцина. «Комирнати» құрамында иммундық қорғаныш тудыратын вирус жоқ, КВИ инфекциясын тудыруы мүмкін емес.
Бір құтыда сұйылтқаннан кейін 0,3 мл-ден 6 доза бар.
КВИ-ге қарсы вакцинациялауға мынадай адамдар жатады:
• 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер;
Вакцинация жүргізу алдында КВИ-дың және коронавирусқа антиденелердің болуына тексеру жүргізілмейді.
КВИ-мен ауырып жазылған адамдар сауыққаннан кейін вакцинациялау алдындағы жай-күйін бағалау ескеріле отырып, 6 айдан соң КВИ-ге қарсы вакцинациялауға жатады. КВИ-мен ауырып жазылған адамдарды сауыққаннан кейін 3 айдан соң вакцинациялауға жол беріледі.
Бастапқы кезеңде КВИ-ге қарсы профилактикалық егуді 16-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді вакцинациялаудан басталады;
келесі кезеңдерде (16-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерді КВИ-ге қарсы вакцинациялау аяқталғаннан кейін) басқа – 15, 14, 13 және 12 жастағы жасөспірімдер рет-ретімен вакцинацияланады.

 


Жарияланды: 30.11.202116:16

Автор: