“Ұлы даланың жеті қыры” этно фестивалі өткізілді.

2019 жылдың 20 қыркүйегінде Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен студент жастар арасында Елбасы Н. Ә. Назарбаетың “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласын жүзеге асыру аясында “Ұлы даланың жеті қыры” этно фестивалі өткізілді. Осы «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының бір бағыты «Атқа міну – мәдениеті» бағытын Атырау энергетика және құрылыс колледжі ерекше тоқталып өтті.

Фестиваль мақсаты – жастар арасында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, мақаладағы жеті қыр бағыттарын ашып, жастар арасында насихаттау.

«Атқа міну мәдениеті» жылқы мен адам арасындағы қарым-қатынастың тарихы Қазақстан аумағының теріскейіндегі жазық даласында басталып, адамзаттың тағ¬ды¬рын түбегейлі өзгертті. Еліміздің солтүстігінде Ботай қонысының табылуы әлем назарын аударған оқиға бол¬ғаны талассыз шындық. Осы жерді б.з.д. ІV мыңжылдықта мекен еткен адамдар қамбар ата төлін алғаш рет қолға үйретіп, арбаға жеккені, бие байлап, қымыз ашытқаны археологиялық қазбалар арқылы дәлелденген.. Дала өркениетінің бастауында тұрған ерекше мәдениетке төрткүл дүниенің қызығушылығы бірде-бір толастаған емес.

 


Жарияланды: 06.12.201907:39

Автор: