Мұнай құрамы,өңдеу әдістері және өнімдері

   Атырау энергетика және құрылыс колледжінде жылдық жоспарға сай, 2021 жылдың 22-26 ақпан аралығы «Сабақтарда жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану» тақырыбында жаратылыстану – математикалық пән бірлестігінің апталығының жоспарына сай Химия пәнінен ашық сабақ 1 курс 24 топ Техник құрылысшы мамандығының студенттеріне ұйымдастырылды. Пән оқытушысы: Теімірғалиев Р.

Сабақтың тақырыбы: Мұнай құрамы,өңдеу әдістері және өнімдері.

Сабақтың мақсаты: Мұнай құрамы, қасиеттері, өңдеу әдістері, өнімдерінің қолданылуы жөнінде оқып үйрену;

– Қоршаған ортаны бақылай білу дағдысын, кең арнада ойлау қабілетін дамытып, экологиялық сауаттылыққа, мамандыққа бағдарлау;

– Байлықтар мекенін танып, жадында сақтауға, қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақ құрылымына сай студенттерге:

1.Мұнай дегеніміз не?

2.Мұнайды өндіру?

3.Мұнайдың құрамы?

4.Мұнайдың физикалық қасиеті?

5.Мұнай өндеу әдістері?

6.Мұнайдың айдау өнімдері? осы сұрақтарға жауап алды.

Ашық сабақ барысында:      ZOOM бағдарамасы арқылы Jambort және Padlet тақталары мен электронды оқулықтар арқылы әр түрлерді әдіс тәсілдерді қолданып сабақ ұйымдастырылды.

1.Джигсо әдісі арқылы студенттерге : Топтарға арналған шығармашылық тапсырма:Постер қорғау. Берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау.

2.Микс әдісі арқылы студенттрерге: Студенттерге бүгінгі жаңа сабақтағы терминдерді үш тілге меңгерту

3.INSERT әдісі арқылы студенттерге. Көмірсутектер тақырыбында сандық есептер шығару студенттерді сыни ойлауын дамуту

4.Кейс стади әдісі арқылы.Мұнай тақырыбында тест жұмысы орындалды.

5.Сабақты бекітуде студенттерге кері байланыс ретінде Бағдаршам әдісімен студенттің өзін – өзі бағалайды.


Жарияланды: 03.03.202114:24

Автор: