Мамандық тандау – маңызды іс

Мамандық тандау – маңызды іс

 

22 жылдың 18 ақпан күні Атырау энергетика және құрылыс колледжінің қабылдау комиссиясының жауапты мамандары Құрманғазы ауданы М.Әуезов атындағы орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.

Кәсіптік бағдар беру — қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.

Кәсіби бағдар жұмысын жүргізу барысында мектеп бітіруші түлектерге АЭжҚ колледж туралы мәліметтер қазақ тілінде бейнеролик арқылы беріліп, оқытылатын негізгі және қосымша мамандықтар, колледждің тарихы, оқытушылары жөнінде ақпараттар беріліп, мектеп түлектері оқуға шақырылды. 9-сынып бітірушілер арасында «Электрмен қамтамасыз ету», «Бағдарламаны құрастыруды қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша сұрақтар қойылды.


Жарияланды: 01.03.202208:25

Автор: