«Мейірімділік – асыл қасиет»

Қазақстан Респуб­ликасы Білім және ғы­лым министр­лігінің тап­сыр­масына сәйкес «Өзін-өзі тану махаббат пен шығар­машылық педагогикасы» атты дәс­түрлі онкүндігінде 11 ақпан күні Атырау энергетика және құрылыс колледжінде Габдуллина Асия Қисметқызы мен Избасарова Арай Табылдықызының 15-19 топ студенттеріне «Мейірімділік – асыл қасиет» тақыры­бында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты – ұл-қыздарымызды жеке және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу. Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, ата-анасына ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат секілді ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу болды. Онкүндік барысында өткен тәрбие сағатында Сара Алпысқызының өмірбаяны, атқарған еңбектері, жетім-жесірлерге қолдау көрсеткені, үлкен жүректі, мейірімділігі жайлы кеңінен айтылды. Студенттер өздерінің шығармашылық тапсырмаларын көрсетті. Әсем әуенді әндерін айтты.

Аталған «Мейірімділік – асыл қасиет» атты тәрбие сағатында Сара апамыздың мейірімділігінен үлгі ала отырып, жас ұрпағымыздың бойында сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болды. Жүректерінде өмірге, ата-анаға, ең жақын адамдарға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласты.


Жарияланды: 15.03.201910:45

Автор: