Мектеп-балабақша, колледж – сүйіспеншілік мекені

2022 жылдың 5 сәуір күні Атырау қаласындағы жалпы білім беретін №40 орта мектепте Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институтының Даму және әдістемелік қамтамасыз ету Департаменті қызметкерлерінің қатысуымен Атырау облысында “Өзін-өзі тану” рухани адамгершілік білім беру негізінде “Мектеп-балабақша, колледж – сүйіспеншілік мекені” атты 2021-2024 жылдарға арналған білім беру ұйымдарының тәрбие жүйесін құру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру” тақырыбындағы республикалық әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

Атырау энергетика және құрылыс колледжінің мамандары семинар жұмысына қатынасты. Семинарға облыстық білім беру басқармасының, әдістемелік кабинеттің әдіскерлері мен қызметкерлері,Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, өзін-өзі тану педагогтері, психолог, әлеуметтік педагог қатысты.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы №208 бұйрығымен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасын» оқу-тәрбие үдерісіне интеграциялау» пилоттық жобасын іске асыруға байланысты білім беру ұйымдары тартылды. Студент тұлғасының жалпыадамзаттық құндылықтарға бағдарланған жан-жақты тұтас дамуы үшін бірыңғай рухани –адамгершілік кеңістік қалыптастыру мақсатында әрбір пилоттық білім беру ұйымының миссиясы білім беру үдерісіндегі әрбір субъектінің ішкі әлеуетін ашу үшін жағдай туғызу болып табылады.

  • Институт қызметкерлерінің қатысуымен «Пилоттық бағдарламаны іске асыру бойынша алдағы қызмет барысы, проблемаларды, ұсыныстарды талқылау» тақырыбында пленарлық кеңес өтті. Семинар қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.

Жарияланды: 06.04.202219:30

Автор: