ӨМІР БАҒА ЖЕТПЕС СЫЙ

Атырау энергетика және құрылыс колледжінде «Өзін – өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің жоспарына сай. 9 ақпанда күні 2 курс 13 топ Электромонтер мамандығының студенттеріне топ жетекшісі Жумагалиев Сабит Микоянович және топ шебері Мендыгужина Айгуль Хамидуллаевич ,Өзін – өзі тану мұғалімі Габдуллина Асия Кисметовна «ӨМІР БАҒА ЖЕТПЕС СЫЙ» тақырыбында қашықтықтан тәрбие сағаты ұйымдастырылды.

      Мақсаты: Студенттерге өмір құндылықтарының мәнін ашу арқылы адам өмірінің сипаты мен тірлігі туралы ұғымдарын түсіндіру. Өмірдің сырын, өмір сүру жолдары туралы өзіндік орнын , өмірлік бағдарын дамыту.

      Халқымыз өмірді ағып жатқан өзенге теңейді, өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз ешкімге білінбей өтіп жатады. Сол ағын өзенде өз орнын тауып жатқан бақытты адамдар болса, керісінше тепіреш көріп қайғы шеккен адамдар да кездеседі. Демек, өмірде өз ағысымыз бен тура табуымыз үшін қоршаған ортадан өз орнымызды таба білуіміз қажет деп атап өтті.

    Студенттер «Өмірдің мәні неде?» деп аталатын бейне ролик тамашалап. Содан кейін студентерге экранға өмір туралы сұрақтар қойылды.


Жарияланды: 10.02.202114:50

Автор: