«Миталас»
2021 жылдың 19 қарашасында Атырау облысы Білім басқармасы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы АҚ Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен ТжКБ беру ұйымдары студенттер арасында «Миталас» интеллектуалды ойынына Атырау энергетика және құрылыс колледжінің белсенді студенттері
1. Нұрғали Нұрсұлтан”Электрмен қамтамасыз ету”мамандығы студенті;
2. Багит Айбар “Техник құрылысшы” мамандығы
студенті;
3. Қуат Ақарыс Қуатұлы “Кең бейінді құрылыс шебері” студентті;
4. Фатикулла Данияр “Техник құрылысшы” мамандығы студентті қатынасып қайтты.
Жобаның мақсаты: Студенттердің зияткерлік деңгейін көтеріп, білім-ғылымға, мамандығына құштарлығын ояту. Ғылымның әр саласын қамти отырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту, грамматикалық сауаттылықты арттыру.
Зияткерлік ойын Нұрлан Балғымбаев атындағы коммуникацияларды дамыту орталығында өтті.
Ойынның құрылымы 4 кезеңнен тұрады.
1 кезең – IQ – әр қатысушыға он сұрақ беріледі. Сұрақтар мектеп бағдарламасынан беріледі. Уақыт шектеулі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай. (сұрақ ауызша қойылады)
2 кезең – ¾ – Әр қатысушыға 3 тапсырма беріледі. Тапсырма сурет арқылы жасырылады. 1 сурет – кино немесе анимация, 2 сурет – мақал-мәтел, 3 сурет – тұрақты тіркес. Жауап нұсқасы қате болған жағдайда кезек қарсыластарда. (Әр дұрыс жауап – 1 ұпай)
3 кезең – «Кім білгір?» Қатысушылар берілген ұяшықты 4 рет таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді. Жауап нұсқасы қате болған жағдайда қарсыластарының өз ойларын айтуға мүмкіндіктері болады. Дұрыс жауап берілген жағдайда ұяшықтағы ұпай санын иеленеді.
4 кезең – «Ойлы болсаң…» Логикалық тапсырманы орындауға – 1 минут уақыт беріледі. Дұрыс жауапқа 10 ұпай.