«Наурызнама» «Ұлттық спорт»
Атырау энергетика және құрылыс колледжінде «Наурызнама» онкүндігінің жоспарына сай қазақ халқының салт дәстүрін,мәдениетін және ұлттық киімдерінің мәні мен мағынасы туралы студенттердің ұлттық сана-сезімін ояту мақсатында 20 наурыз – «Ұлттық спорт» күні аясында «Ұлыстың Ұлы күні – Әз Наурыз» атты тәрбие бөлімінің онкүндігі аясында
2024 жылдың 20 наурыз күні колледждің спорт бөлімі және АӘД ұйымдастырушысы Бижанов А.Ж.,Сырымбетұлы Ш.,Сәндібаев А.,Урынбасаров Қ.Қ «Қазақтың ұлттық спорты» атты спорттық шарасы ұйымдастырылды. Спорттық шарада арқан тартыс,ләңгі ойыны,асық ату ойыны,Қазақша күрес,Бұқа тартыс ұлттық спорт түрлеріне өтті.
Ұлттық құндылығымызды ұлықтайтын, ұлттық сананы жаңғыртып, бойға рух, кеудеге намыс ұялататын ұлттық спорттың халқымыз үшін маңызы жоғары. Қазақ халқының ерте кезден қалыптасқан бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңгеге ілу, құсбегілік және тоғызқұмалақ, асық ату, садақ тарту сияқты ұлттық спорт түрлері ұлттың келбетіне айналды. Себебі қазіргі таңда аталмыш спорт түрімен шұғылданатын жандардың қатары көбеюде. Сондықтан әлем мәдениетінің озық үлгілерімен иық тіресе алатын спорт түріне айналуы да бекер емес. Себебі ұлттық спорттың қай-қай түріде рухани әрі сыни ойлауды қалыптастырып, ептілікке, жігерлікке, қайраттылық пен батылдыққа тәрбиелейді.
Ұлтымыздың құнды мұрасы ұлттық ойындар өскелең ұрпақты тәрбиелеудің озық тұжырымы. Шараға қатынасқан студенттер колледж әкімшілігі сыйлықтармен марапатталды.