«Наурызнама» «Жаңару»
Атырау энергетика және құрылыс колледжінде «Наурызнама» онкүндігінің жоспарына сай қазақ халқының салт дәстүрін,мәдениетін және ұлттық киімдерінің мәні мен мағынасы туралы студенттердің ұлттық сана-сезімін ояту мақсатында 19 наурыз – «Жаңару» күні аясында «Ұлыстың Ұлы күні – Әз Наурыз» атты тәрбие бөлімінің онкүндігі аясында
2024 жылдың 19 наурыз күні 1 курс 11 топ Электрмен қамтамасыз ету және 1 курс 27 топ Техник электрик мамандығының топ жетекшілері Мухитова Н. және Аграпова Г.,Садыков А.О. «Төрле,төрле Әз-Наурыз» атты мерекелік шарасы ұйымдастырылды.
Мақсаты:Әз Наурыз еңсесі биік елдіктің,іргесі сөгілмес бірліктің, ынтымақ пен ырыстың мерекесі екендігін және қазақ халқының шығармашылық дәстүрлері,ауыз әдебиетінің мұраларымен таныстырып, олардың тарихи маңызын түсіндіру. Халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеу арқылы оқушыларды еліне,жеріне деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
- Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету.
- Ауызекі сөйлеу арқылы студенттердің дүние танымын кеңейту.
- Студенттерді елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге, бойларына адамгершілік жақсы қасиеттерді сіңіре білуге тәрбиелеу