«Наурызнама» «Жыл басы»

Атырау энергетика және құрылыс колледжінде «Наурызнама» онкүндігінің жоспарына сай қазақ халқының салт дәстүрін, мәдениетін және ұлттық киімдерінің мәні мен мағынасы туралы студенттердің ұлттық сана-сезімін ояту мақсатында 22 наурыз – «Жыл басы» күні аясында «Ұрпаққа өсиет» атты тәрбиелік шарасаын өткізді
2 курс 17 топ Тэхник электрик мамандығының топ жетекшісі Мендигалиева Г.
Мақсаты: Әз Наурыз еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ынтымақ пен ырыстың мерекесі екендігін және қазақ халқының шығармашылық дәстүрлері, ауыз әдебиетінің мұраларымен таныстырып, олардың тарихи маңызын түсіндіру. Халқымыздың салт-дәстүрлерін дәріптеу арқылы оқушыларды еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
1. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету.
2. Ауызекі сөйлеу арқылы студенттердің дүние танымын кеңейту.
3. Студенттерді елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге, бойларына адамгершілік жақсы қасиеттерді сіңіре білуге тәрбиелеу.


Жарияланды: 20.04.202408:55

Автор: