Өндірістік тәжірибе – мамандық игерудегі алғашқы қадам
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында кәсіптік білім беру мәселесіне барынша басымдық беру қажеттігіне айрықша назар аударды. Жастардың білімін жетілдіру үшін қажетті жағдай жасау туралы «Қазақстан – 2050» стратегиясында: «Біздің жастарымыз оқуға, ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануы тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндікті жасап, ең қолайлы жағдаймен қамтамасыз етуіміз керек… Біздің басты мақсат – 2050 жылы мықты мемлекет, дамыған экономика және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру.
Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруі үшін нақты мақсаттар жүктеді.
Алдымен жастарға тегін кәсіптік-техникалық білім беру қажеттігін басты міндет ретінде белгіледі.
Тәжірибе міндеті – әртүрлі қызмет саласындағы кәсіпорындарында кәсіби жұмыс жасау дағдылары қалыптастыру.
Бүгінгі күні біздің колледжіміздің алдында еңбек нарығына қажетті, бәсекеге жарамды кәсіби білікті мамандарды даярлау міндеті тұр. Осыған байланысты кәсіптік және техникалық білім беруде өндірістік тәжірибенің маңызы зор. Студенттерге арналған өндірістік тәжірибені ұйымдастыру және өткізу тәртібі Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңына (04.12.2015 ж. өзгерістер мен толықтыруларымен), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (ҚР Үкіметінің 13.05.2016 №292 қаулысымен өзгертулер мен толықтыруларымен), «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы» Заңына, кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 107 бұйрығына, Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының және кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шарт нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығына сәйкес реттелген.
Кәсіптік практика оқу жұмыс бағдарламалары мен оқу жұмыс жоспарларына сәйкес оқу (таныстыру), өндірістік (технологиялық) және диплом алды түрлеріне айқындалған.
Өндірістік тәжірибе колледж студенттерінің орындауға міндетті болып табылатын, білікті және құзыретті мамандарды даярлауда оқу процесінің ажырамас бөлігі.
Өндірістік тәжірибенің негізгі мақсаты студенттердің алған теориялық білімдерін тәжірибеде сынауға, әрі нығайтуға, сонымен қатар оқу орындарының өндіріспен байланысын жақсартуға ықпал етеді.
Оқу орны, оқу жылының басында кәсіпорындармен екі жақты келісім-шартқа (келісім-шартта екі жақтың талап-міндеттері толық көрсетіліп жазылады) отырып, келісім шарт негізінде студенттер кәсіпорын базасында тәжірибеден өтеді. Кәсіптік тәжірибенің маңызы, студенттің теориялық білімін шыңдап, тәжірибе барысында бекіту болып табылады. Кәсіби тәжірибенің артықшылығы, студент кәсіпорынға барған күннен бастап өзін маман ретінде ұсынады, ұжымда жұмыс істеуге дағдыланады, өздігінен шешім қабылдау, әрекет ету қасиеті дамиды, болашақ кәсіптік жарамдылығын өндірісте сынайды. Тәжірибе барысында өзін жан-жақты көрсету арқылы жұмысқа орналасуға мүмкіндік туады.
Кәсіптік тәжірибе барысында көзбен көріп, қолмен жасап үйренген, машықтанған студенттің болашақ мамандығының жаңа сатысына өтіп, оқу бітіріп жұмысқа орналасу кезінде мәселелер болмасы анық.
Колледждің оқу жұмыс жоспары және оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес қыркүйек айының 1-нен бастап 3 курс студенттері өндірістік технологиялық тәжірибеден өтіп келді. Атап айтатын болсақ 288 сағат көлемінде «Тарату құрылғылары бойынша электрқұрастырушы» мамандығы бойынша №9 топ және №13 топ студенттері 432 сағат , «Құрылыс столяры» мамандығы бойынша №16 топ студенттері 288 сағат және «Пісіруші» мамандығы бойынша №3 324 сағат және №5 топ 370 сағат технологиялық тәжірибеден өтіп келді.
Биылғы жылы бір қуантарлық жағдай көптеген студенттеріміз әлеуметтік серіктестеріміздің базасында өтіп келді. №9 топ студенттері ішінен 22 студент әлеуметтік серіктестеріміздің базасында АҚ «Атырау Жарық» – 3 студент, ЖШС «Темірбетон»-6 студент, «Цунами» -2, «Промвентиляция» – 1, «АктобеМонтажАвтоматика» – 2с, АК-Холдинг-4, Атырау жылу жүйелері – 4 студент өткен болатын.
№13 топта 18 студент студенттеріміз әлеуметтік серіктестеріміздің базасында Атырау жарықта – 4 студент, «Centech»- 4 студент, Би-коммерц -2, Актобе монтажАвтоматика-1, ДСК – 4, ПТС-2, АТЭЦ- 1 тәжірибеден өтті.
№5 топта 10 бала «ССТ – Саspian Сontractors Trust»-4 студент, Альянс Би-коммерц-4студент, «Centech» -2 студент тәжірибеден өтті.
№3 топ – 15 студент Атырау жылу жүйелері 2 студент, ССТ -7 бала, АТЭЦте -2студент, Альянс Би –Коммерцте – 2 бала, АтырауНефтеМаш-2 бала тәжірибеден өтті.Бұл мекемелер студенттерді өз мекен жайлары бойынша филиалдарына бөліп тәлімгер тағайындап тәжірибе өтуге, мамандықтарын игеруге толық мүмкіндік жасады.
№16 топ «Құрылыс столяры» мамандығы бойынша ЖШС «Альянс Би Коммерц»-4 студент, ДСКда- 3 студент. Ал қалған студенттер әртүрлі мекемелерде тәжірибеден өтіп келді.
Әлеуметтік серіктестеріміздің базасында өткен студенттеріміздің бәріде тәжірибелері ақылы болып 40000-90000 теңге көлемінде еңбекақы алды.
Өндірістік тәжірибе – әртүрлі қызмет саласындағы кәсіпорындарында кәсіби жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру және дипломдық жұмысты орындауға ақпарат жинауға арналған үлкен мүмкіндік. Жалпы тәжірибенің барысы туралы айтатын болсақ тексеру кестелері жасалынып, тексерілді. Қазіргі тәжірибеге деген көзқарасымыз бұрынғыға қарағанда түзелгенін баса айтқым келеді. Сонда да Болашақ маман үшін тәжірибенің атқаратын ролі маңызды екенін әрбір студенттің оның ата-анасының санасына құйып толықтай жеткізуіміз керек деп ойлаймын.
Заман талабына сай оқытудың жаңа жүйелері өндірістік оқыту мен тәжірибеге аса көңіл бөлуді талап етеді.