Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігі апталығының ашылуы
Атырау энергетика және құрылыс колледжінде желтоқсан айының 9-12 аралығында «Мәңгілік ел,мәңгілік тіл» тақырыбында апталық өтеді.
Апталықтың мақсаты оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы студенттердің туған тіліне, әдебиетіне, тарихына деген танымдық қызығушылығын,шығармашылық ізденісін арттыру. Апталықта өткізілетін іс-шаралардың мазмұнын қоғамдық- гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі Сугурова Асел таныстырып өтті. Колледжіміздің белсенді студенттері апталықтың салтанатты ашылуына өлең жолдардан үзінді оқыды және әсерлі билерімен көзге түсті. Апталық аясында тақырыптық түрлі сайыстар, байқаулар өткізіледі.