Оқу мен оқытуда жаңа әдіс тәсілдерді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу

2020 жылдың 9 қаңтар күні Атырау энергетика және құрылыс колледжінің жылдық  жұмыс жоспарына сәйкес, Қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пән бірлестігінің «Оқу мен оқытуда жаңа әдіс тәсілдерді пайдалану арқылы білім сапасын арттыру, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу»  тақырыбында тәжірибе алмасу семинары болып өтті.

 

Мақсаты: Білім беру мазмұнындағы жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, жан-жақты психологиялық-педагогикалық жағдай туғызу арқылы  оқытуға үйрету,  инновациялық білім негіздерін терең меңгеру.

 

Қоғамдық-гуманитарлық пән бірлестік жетекшісі Сугурова Асел Нугмановна сөз сөйлеп, жопармен таныстырды, колледж оқытушыларын жаңа жылдарымен құттықтап, толағай табыс пен жеңісті күндерді тіледі.

 

Өз  білімін жетілдіру курсынан өтіп келген тарих пән оқытушысы Көшербаева Базаргүл Ақылбайқызымен ағылшын тілі пәндерінің оқытушылары Ізбасарова Арайлым Табылдықызы және Сугурова Асел Нугмановна «Модульдік құзыреттілік тәсілдеме негізінде әзірленген техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыру» тақырыбында өз білімдерімен бөлісіп, көкейкесті сұрақтарға жауап алынып, бір-бірімен қарым –қатынас атмосферасы орнады.

 

Тарих пәні оқытушысы Жаулы Бөкен Мыңбайұлының “Рухани жаңғыру – Қазақстанның үшінші жаңғыруының негізі” тақырыбында баяндамасы тыңдалды.

Ағылшын тілі пәні оқытушысы Ізбасарова Арайлым Табылдықызының  «Almaty is the largest city in Kazakhstan» тақырыбында панорамалық сабағы ұсынылды, тәжірибе алмасты.

 

Ағылшын  тілі пәні оқытушысы Сугурова Асел Нугмановнаның Интерактивті білім беру ресурсын, мобильдік қосымша Quizlet.com да қалай жұмыс жасау керектігі толық түсіндіріліп,  соңында осы мобильдік қосымша арқылы пән оқытушылары өз ұялы телефондары арқылы ойнап көрді.

Орыс тілі пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен Аманова Гүлнар Сатыбалдиевнаның, Бисембиева Алия Сулдебаевнаның, Кабиева Алия Самигуллаевнаның және қазақ тілі пәні оқытушысы Ажмагенова Айгүл Рашидқызының  «Сөз тапқанға қолқа жоқ»,  Дыбыстандыру “Мылқау кино”   тақырыптарында тренинг, ойындар, рефлексияға ұласты. Осы семинарда оқытушылар өздеріне керекті материалдарын алып, тәжірибе алмасты.

 


Жарияланды: 14.01.202008:32

Автор: