ОРТАЛЫҚ ӘДІСКЕРЛЕРІ – “ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТТАР”
Әдістемелік орталық тарапынан жүйелі түрде жүзеге асырылып шаралар қатарында «ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ» жобасы да бар. Бүгіннен бастап «Техникалық және кәсіптік білім беру» бөлімінің әдіскерлері өңірдегі колледждерді аралап, екі аптаға жуық уақыт бойынша көшпелі әдістемелік қолдау жұмыстарын ұйымдастырмақ.
Техникалық және кәсіптік білім мазмұнының түбегейлі жаңартылуына байланысты колледждерде ауқымды жұмыстар жасалуда. Орталықтың бөлім басшысы Гульнара Бегалиева бастаған әдіскерлер бүгін Атырау сервис колледжіне, Атырау энергетика және құрылыс колледжіне барып, ұжым мүшелерімен кездесті және әдістемелік тұрғыдан туындаған сұрақтарға жан-жақты жауап берді.
Өзекті мәселелер санатында модульдік-құзыреттілік тәсіл негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлеу, оқытудың кредиттік технологиясына кезең-кезеңмен көшу, т.б. талқыланып, шара соңы оқыту семинарына ұласты.