«Қош келдің, жас талапкер-2024»

2024 жылдың 1- қыркүйек күні Атырау энергетика және құрылыс колледжі Білім күні мерекесіне орай, колледжімізде жаңа 2024-2025 оқу жылына арналған «Қош келдің, жас талапкер-2024» атты салтанатты жиыны болып өтті.

Салтанатты шараға колледждің ардагер ұстаздар,ата-аналар қатысты.
Салтанатты жиынды колледж директоры Джумағазиев Тухфатолла Махфузұлы ашып, іс – шара мазмұнының маңыздылығына тоқталып, оқуға қабылданған талапкерлерді мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Сонымен қатар салтанатты жиынға қатысқан қонақтарымызда ұстаздар мен ата – аналарды мерекелерімен арнайы құттықтап, жаңа оқу жылы берекелі, табысты, нәтижелі жыл болып, толағай табыстар мен үлкен жетістіктерге жете берулеріне тілектестігін білдірді. Әрі қарай іс – шарада колледждің белсенді студенттерінің өздерінің дайындаған өнерлерін көрсетсе, колледж табалдырығын жаңа аттаған талапкерлер ән айтып, өлең шумақтарын тарту етті.
Жиынның соңы бірыңғай «Әділетті Қазақстан:Адал ұрпақ,сапалы білім,табысты ұлт» тақырыбында республикалық сынып сағаттарына ұласты.
Білім күні құтты болсын! Шәкірттеріміздің болашақтары жарқын болып, әрдайым жеңіс биігінен көрініп, өсіп – өркендей берсін!


Жарияланды: 09.01.202509:18

Автор: