Педагог қызметкерлерді тағайындау үшін 2022 жылдың 19 тамыз бен 2 қыркүйегі аралығында конкурс
Атырау энергетика және құрылыс колледжі коммунналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары негізінде бос орындарға келесі пәндер бойынша педагог қызметкерлерді тағайындау үшін 2022 жылдың 19 тамыз бен 2 қыркүйегі аралығында конкурс жариялайды:
1. Арнаулы пән оқытушысы (Бағдарламалық қамтамасыз ету/Программное обеспечение) – 2 маман (орыс/қазақ тілінде);
2. Химия және биология пән оқытушысы – 1 маман (орыс тілінде);
3. Дене шынықтыру пән оқытушысы – 1 маман.
4. Өндірістік оқыту шебері (Электрмен қамтамасыз ету/ Электроснабжение) – 2 маман (орыс/қазақ тілінде);
5. Арнаулы пән оқытушысы (Электр жабдықтары (түрлері және салалары бойынша) – 1 маман (орыс тілінде);
6. Арнаулы пән оқытушысы (Металл пластик бұйымдарын жасау және монтаждау шебері) – 1 маман (қазақ тілінде);
7. Арнаулы пән оқытушысы (Автомобиль жолдары мен аэродромдар салу) – 1 маман (қазақ тілінде);
8. Арнаулы пән оқытушысы (Жылу техникалық жабдықтар және жылумен жабдықтау жүйелері (түрлері бойынша)) – 1 маман (қазақ тілінде);
Қажетті құжаттар тізімі:
1.Өтініш;
2.Жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін );
3.Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
4.Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5. Білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
6.Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
7. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
8. Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
9. Наркологиялық ұйымнан анықтама;
10. Соттылығының жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
11.Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың,педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің ,педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік.
Көрсетілген міндетті құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды қатысушыға қайтару үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген мұғалімдер (оқытушылар) лауазымдарының типтік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін, конкурсқа барлық қажетті құжаттарды тапсырған оқытушылар қатысады. Үміткерлер конкурсқа қатысу шығыстарын өз қаражат есебінен жүргізеді.
Құжаттар көрсетілген мекен-жайда қабылданады:
Атырау қаласы, Құрманғазы көшесі, №9. Тел: 21-44-48
Колледж әкімшілігі