«Педагогтың үздіксіз кәсіби дамуы: озық тәжірибелер мен жаңа трендтер» өңірлік форумы

2024 жылғы ақпан айының 22 күні Атырау облысы Білім беру басқармасы Әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес және өңірлермен жасалған ынтымақтастық туралы шарт (меморандум) аясында Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжімен бірлескен «Педагогтың үздіксіз кәсіби дамуы: озық тәжірибелер мен жаңа трендтер» тақырыбында өңірлік форумы ұйымдастырылды.
Форумның мақсаты: Заманауи білім кеңістігіне ену арқылы оқу – тәрбие жұмысын тиімді ұйымдастыруда болашақ ұрпақ бойында ұлттық құндылықтарды сіңірудегі үздік педагогтер тәжірибесімен бөлісу.
Форум жұмысына Атырау энергетика және құрылыс колледжінен директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары,колледж әдіскері,бөлім менгерушілері, арнайы пән оқытушылары қатынасты.


Жарияланды: 02.03.202415:47

Автор: