Қабылдау ережелері

 

Атырау энергетика және құрылыс колледжіне

оқу жылына оқуға қабылдау

Ережесі

 

1. Жалпы ережелер

  1. «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға құжаттарды қабылдау» бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары жүзеге асырады.
  2. Осы Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Атырау энергетика және құрылыс колледжіне оқуға қабылдаудың ережелері (бұдан әрі — Ережелер) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңын (бұдан әрі — Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №130 Қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы», Атырау облысы Әкімдігінің 11.09.2015 жылғы №286 Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік қызмет регламентін» басшылыққа ала отырып, Атырау энергетика және құрылыс колледжіне (бұдан әрі — Колледж) оқуға қабылдаудың тәртібін белгілейді.
  3. Мемлекеттік қызмет көрсету әдісі – қағаз түрінде.
  4. Мемлекеттік қызмет көрсету негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сай көрсетіледі.
  5. Колледжге оқуға негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ тұлғалар қабылданады.

6.Колледжге оқуға қабылдану кезінде Заңның 26-бабының 8-тармағына сәйкес айқындалған тұлғаларды қабылдауға квота көзделеді.

1) I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан азаматтар үшін-1 пайыз;

2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5 пайыз;

3) ауылдың (селоның) әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 30 пайыз;

4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін- 2 пайыз;

5) жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін – 1 пайыз.;

  1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін түсу емтихандарын тапсыру нысанын тест түрінде деп Колледж белгілейді. Колледжге оқуға тапсырушылар қабылдау емтиханы тілін қазақ немесе орыс тілі деп таңдауға құқылы.
  2. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі ретінде оқуға қабылдау туралы бұйрық немесе қабылдауға мүмкін болмайтынын негіздеген нақты жауап болуы керек.
  3. Колледж Мемлекеттік қызмет көрсетуде Колледж құрылтайшысымен тегін жүзеге асырылады.

 

2. Колледжге оқуға қабылдаудың тәртібі.

Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және қабылдау
емтихандарын өткізу

  1. Колледжде тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау, түсу емтихандарын өткізу және білім алушылар құрамына қабылдау үшін білім беру ұйымдарының басшылары жұмысын 1 маусымнан кешіктірмей бастайтын қабылдау комиссиясын құрады.
    Қабылдау комиссиясының құрамына комиссия төрағасы, жауапты хатшы, комиссия мүшелері және техникалық хатшылар кіреді.
  2. Колледжге қабылдау комиссияларының өңірлерге барып тұлғаларды оқуға қабылдау жұмысын ұйымдастыру мәселелері тиісті саланың уәкілетті органының келісімі бойынша шешіледі.
  3. Оқуға түсушілерді қабылдау нәтижесі туралы ақпаратпен оқудың күндізгі нысаны бойынша 30 тамызға дейін, сырттай оқу нысаны бойынша 30 қыркүйекке дейін ақпараттық стендіге жариялау арқылы немесе білім беру ұйымының интернет ресурсы арқылы қабылдау комиссиясы таныстырады.
  4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут

2) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

3) мемлекеттік қызмет көрсету Типтік ережеге сай ұсыныс берген уақыттан бастап күнзізгі оқыту нысаны бойынша – 30 тамызға дейін, сырттай оқыту нысаны бойынша – 30 қыркүйекке дейін;

  1. Мемлекетті қызмет көрсету бойынша:

1) күндізгі оқыту нысаны бойынша құжаттарды қабылдау – 20 маусым мен 20 тамыз аралығында;

2) сырттай оқыту нысаны бойынша құжаттарды қабылдау – 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында;

3) талапкерлерді колледжге білім алушылар қатарына қабылдау конкурстық негізде күндізгі оқыту нысаны бойынша – 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында, сырттай оқыту нысаны бойынша 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек арасында;

4) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда жұмыс кестесі сағат 13.00-ден сағат 14.30-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 18.00-ге дейін.

Алдын ала жазылу және жеделдетіп қызмет көрсету көзделмеген.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің өтініш үлгісі Колледждің фойесінде орналасады немесе Қабылдау комиссиясының мамандарынан алуға болады.

3.Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін төмендегідей құжаттар тапсырылуы тиіс:

1) жеке басын куәландыратын құжаттар (түпнұсқасы және көшірмесі);

2) білімі туралы құжат (түпнұсқасы және көшірмесі);

3) оқуға түсушілердің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтініші;

4)медициналық анықтамалар – № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы флюрография суретімен және №063, (I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы);

5) 3х4 көлемді 4 фотосурет;

6) ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі);

7) ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе кешенді тестілеудің сертификаты (бар болса);

Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің өзі, ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:

1) шетелдік — шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхат;
2) азаматтығы жоқ тұлға — азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын — босқынның куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға — пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) оралман — оралман куәлігі.

Оқуға түсушілерден түскен өтініштер Колледждің тіркеу журналдарына оқытудың нысандары және келісім –шарт түрлері бойынша бөлек тіркеледі.

Кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылдар түлектері) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан бітірушілер) тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады және осы Ережелердің 14-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкес конкурсқа жіберіледі.

  1. Өтініш пен басқа да жинақталған құжаттар қабылдау комиссиясының техникалық хатшысына тапсырылады.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша құжат тапсырғандар туралы мәлімет «Білім алушылар қатарына тіркеу Кітабына» тіркеледі. Көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:
    1) тапсырылған құжаттардың тізбесі;
    2) құжаттарды қабылдап алған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, сондай-ақ байланыс деректері көрсетіледі.
  1. Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру жеке қатысуы кезінде жүзеге асырылады.
  2. Осы Ереженің 16 тармағында көрсетілген тізімдегі құжаттардың толық болмауы мемлекеттік қызмет көрсетпеуге негіз болып табылады (Стандарттың 9 тармағы).

4.Жұмыс жасау қағидалары

  1. Қабылдау комиссиясының жұмысыының қағидалары:

1) азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуы;

2) сапалы білім алу құқығының сақталуы;

3) мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпарат беру;

4) мемлекеттік қызметті уақытында көрсету;

5) тапсырылған құжаттардық сақталуын қамтамасыз ету;

6) сыпайылық пен ұқыптылық;

5.Жұмыс нәтижесі

  1. Мемлекеттің қызмет көрсетуге қолжетімділігі Стандарттың 2 тармағына сай қарастырылады.
  1. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы, мақсаты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен анықталады.
  1. Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша тест түрінде:

1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізіледі;

2) негізгі жалпы білімі бар оқуға түсушілер — негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);

3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша өткізіледі;

4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізіледі.

Колледжге түсу емтихандары түсушілердің өтінішіне сәйкес қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі.

Техникалық және кәсіптік білімнің мамандық бейіні бойынша жалпы білім беретін пәндер тізбесі осы Ережелердің қосымшасына сәйкес айқындалады.

  1. 12-тармақта көрсетілген негізгі орта, жалпы орта білімі бар тұлғалар үшін қабылдау емтихандарының нысанын – тестілеу деп Колледж белгілейді.
  2. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың сырттай нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында;

Түсу емтихандарын өткізу кезінде:

1) тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны 25 болып белгіленеді; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 баллмен бағаланады; тестілеуге үш пән бойынша 2 сағат 15 минут, ал екі пән бойынша 1 сағат 30 минут беріледі; дұрыс жауаптар коды тестілеу аяқтала салысымен ілінеді;
тестілеу нәтижелері өткізілген күні хабарланады;

2) пәндер бойынша емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған “3”, “4”, “5” бағаларын қабылдау комиссиясы мынадай шкала бойынша: “3” — 8 балл, “4” — 17 балл, “5” — 25 баллдарға ауыстырады.

  1. Бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау және пәндер емтихандары кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында білім беру ұйымында апелляциялық комиссия құрылады.
    Апелляциялық комиссия құрамына апелляция комиссиясының төрағасы, хатшысы және мүшелері кіреді.

Тестілеу немесе пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген тұлға шағым білдіруіне болады.

Апелляцияға өтініш тестілеу немесе түсу емтихандарының нәтижелері хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияға келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін беріледі және бір тәулік ішінде өтініш берушінің қатысуымен апелляциялық комиссияда қаралады.

Апелляциялық комиссия шешімі комиссия құрамы тізіміндегі тұлғалардың көпшілік даусымен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда комиссия төрағасы шешуші дауыс беруге құқылы. Комиссия жұмысы төрағаның және барлық комиссия мүшелерінің қолдары қойылатын хаттамамен ресімделеді.

28.Тестілеуді немесе пәндер бойынша түсу емтихандарын қайта
тапсыруға рұқсат етілмейді.

3. Білім алушылар құрамына қабылдау

  1. Білім беру ұйымдарына білім алуға азаматтарды қабылдау конкурстық негізінде азаматтардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
    Конкурс:

– ҰБТ сертификаттарының баллдары негізінде;

– Қазақстан Республикасының жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандарының нәтижелері бойынша берілген сертификаттар баллдары негізінде;

– Пәндер бойынша немесе Колледждің тестілеу нысаны бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша алынған баллдар (бағалар) негізінде жүргізіледі.
Қабылдау конкурсын өткізу кезінде ҰБТ немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пәннің баллдар сомасы ескеріледі.

Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:

1) негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 баллдан кем;
2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 баллдан кем жинағандар жіберілмейді.

Конкурстың шарттары білім алу құқықтарын сақтауға кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және тиісті деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.

Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау:

1) күндізгі оқу нысанына — 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында;
2 оқудың сырттай нысанына — 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.

  1. Білім беру ұйымдарына қабылдауды қабылдау комиссиясы кәсіптер, мамандықтар бойынша жеке ашық отырыстарда жүргізеді.
  1. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымдану тәртібі
  2. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін қабылдау комиссиясының төрағасынан алуға болады.

21.Шағымдарды жазбаша түрде пошта арқылы немесе қабылдау комиссиясы арқылы беруге болады.

  1. Мекеме мемлекеттік қызмет көрсетіп отырғандықтан, азаматтардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы, тиісті қызмет көрсетпеу туралы шағымдары оқу орын басшысы атына беріледі.
  2. Шағым өз қолымен еркін түрде жазылады.
  3. Қабылданған шағым кіріс құжаттарын тіркеу журналына тіркеледі және Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі» Заңына сай қарастырылуға жатады.