«Ashyq» қосымшасы іске қосылды

Атырау энергетика және құрылыс колледжінің қызметкерлері, ұстаздар мен студенттердің қауіпсіздігі үшін «Ashyq» қосымшасы іске қосылды.

Оқу орнына кіру үшін арнайы QR-кодты сканерлеп, оны кіреберісте көрсету керек. Қосымша өз кезегінде қызыл, сары, көк және жасыл статустарға бөлінеді.

Айта кетейік, қызыл статус ғимаратқа кіруге шектелгенін, амбулаториялық бақылауда жүрген тұлғаларды үй жағдайында оқшаулау режимін қатаң сақтауды білдіреді.

Сары статус – жүріп-тұру ішінара шектелген – пайдаланушы ПТР деректер базасында науқас адаммен байланыста болған деп белгіленген: пациентке үйден оқшаулау режимін сақтайтын жерден 500 метрден аспауы тиіс азық-түлік және құрылыс дәріханаларға баруға рұқсат етілген.

Көк статус – бұл статусқа ПТР міндетті болып саналатын орындардан басқа (мысалға әуежай) жүріп-тұруда шектеу қарастырылмаған.

Жасыл статус – келушінің ғимаратқа кіруіне шектеу жоғын білдіреді.

Біз колледжге келушілерді қорғау мақсатында барынша барлық шараларды қолданып жатырмыз, себебі біз үшін ең бастысы сіздің денсаулығыңыз.


Жарияланды: 09.08.202110:41

Автор: