ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған колледжіміздің жылдық жоспарына сай, 6-11 желтоқсан «Мәңгілік ел –Мәртебелі тіл» тақырыбында…
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған колледжіміздің жылдық жоспарына сай, 6-11 желтоқсан «Мәңгілік ел –Мәртебелі тіл» тақырыбында, қоғамдық- гуманитарлық пәндер бірлестігі апталығының аясында, Брейн-ринг «Who is Smarter?» ағылшын тілі пәнінен интеллектуалды ойын болып өтті.
Бүгінгідей жаһандану заманында көп тіл білетін адамның қоғамдағы алар орны да ерекше. Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру – бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Тіл – халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Интеллектуалды ойынымыздың да мақсаты: Студенттердің ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, шапшаңдыққа баулу, белсенділіктерін арттыру. Топпен жұмыс істей отырып, өзгенің пікірін құрметтеуге, ұйымшылдыққа, достыққа, топта жылдам байланысқа түсуге баулу. Студенттердің ағылшын тілін біліп ғана қоймай, оның тарихын, ұлттық мәдениетін білуге көп көңіл бөлу. Ағылшын тілін оқытудағы білімділік мақсаты – шетел тілінде сөйлеуді үйрету, байланыста бола алу мен ортақ тіл табысып, қарым-қатынасты нығайтуға ұмтылу болса, тәрбиелік мақсаты – өзге адамдарды тыңдау мәдениетін қалыптастыру негізінде өз пікірін айта алу және қорғай алуды қалыптастыру.