Ресей еліне жол тартқан  түлектер

Бүгінгі күннің болмысы кәсіби білім жүйесі алдында еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлау, өз мамандықтарын жетік меңгерген, өз мамандығы бойынша тиімді жұмыс жасауға қабілетті, тұрақты кәсіби өсуге дайын, әлеуметтік және оңтайлы кадрларды тәрбиелеу.

Осыған байланысты қойылған басты міндет – мемлекеттік құрылымдардың күшін біріктіру, жұмыс берушілер мен оқу орындарын облыстық кәсіпорындар мен өнеркәсіптерді білікті мамандармен қамтамасыз ету мәселесінде жұмылдыру.

Жоғарыда атап көрсетілген міндеттерді орындай отырып,  колледжіміздің «Тарату құрылғылары бойынша электрқұрастырушы» және «Техник-электрик» мамандықтары бойынша  түлеп ұшқан 20-ға  жуық түлектеріміз  жұмыс беруші «Уркер» компаниясының талаптарына сәйкес келіп, жұмысқа шақырылып, бүгінгі күні өз еңбек жолындағы алғашқы қадамдарын  Ресей еліндегі Ямаль қаласында салынып жатқан мұнай өндіру заводының электрмонтаж жұмыстарын жүргізуден басталып, еңбекақылары 200000-250000 теңге көлемінде болып отыр.

«Әрбір шәкірт білімімен көрінер, Сол білімнен ұстаз биік көрінер» демекші, егеменді еліміздің жарқын болашағын жетілдіре білетін бәсекеге қабілетті  маман даярлауда  колледжіміздің өндірістік оқыту шеберлерінің, атап айтатын болсақ Алпысбаев Нажен Хасанұлы, Кулин Роберт Иванович, Садыков Асаналі Оңғарбайұлы және Болекбаева Гулшат Хайррулақызының  тынымсыз еңбегінің жемісі деп ойлаймын.  Еткен еңбектің жемісін көргеннен артық бақыт жоқ шығар.

Студенттерге сапалы білім мен тәрбие беріп, бәсекеге қабілетті маман даярлау жолында  аянбай  тер төгіп жүрген әріптестерімнің  еңбектеріне жеміс тілегім келеді.


Жарияланды: 23.09.201813:00

Автор: