Сабақтарда жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану

Атырау энергетика және құрылыс  колледжінде жылдық жоспарға сай, 2021 жылдың 22-26 ақпан аралығы «Сабақтарда жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану» тақырыбында жаратылыстану – математикалық пән бірлестігінің апталығының жоспарына сай дене тәрбиесі пәнінен  ашық сабақ 1 курс 37 топ ЭВМ операторы мамандығының студенттеріне ұйымдастырылды. Пән оқытушысы: Галямов Қ.М.

Сабақтың тақырыбы: Гимнастика және Акробатика

Сабақтың мақсаты: Акробатика жаттығулары дененің жан – жақты дамуына ықпал етеді. Акробатикалық жаттығуларды орындату арқылы адам дене мүшелерін өмірде кездесетін қимылдарды жеңе білуге даярлау.

Сабақтың тәрбиелік мәні: Студенттердің ерік – жігер қасиеттерін қалыптастыру; денсаулығын нығайту, қозғалыс, іскерлік дағдыларын дамыту ептілікке, икемділікке, жылдамдыққа, әсемдікке тәрбиелеу.

«Сабақтарда жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану» тақырыбында жаратылыстану – математикалық пән бірлестігінің апталығының жоспарына сай дене тәрбиесі пәнінен  ашық сабақ 1 курс 24 топ Техник құрылысшы мамандығының студенттеріне ұйымдастырылды. Пән оқытушысы: Қайырғалиев С.Д.

Сабақтың тақырыбы: Ұлттық ойындар 📌Сабақтың мақсаты:Өтілген тақырыптарды қайталау арқылы студенттердің меңгерген білімін тексеру, тиянақтау. Ойын еркін айтуға үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту, сонымен қатар ұмытылып бара жатқан ойындарды көрсету, насихаттау; Өз еліне деген ұлттық мақтанышты тәрбиелеу, өз ұлтының ерекшелігін таныту, пәнге деген қызығушылығын арттыру;

Студенттерге тілін, ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту.


Жарияланды: 03.03.202108:01

Автор: