Сабақтарда жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану
Атырау энергетика және құрылыс колледжінде жылдық жоспарға сай, 2021 жылдың 22 -26 ақпан аралығы «Сабақтарда жаңа технология элементтерін тиімді пайдалану» тақырыбында жаратылыстану – математикалық пән бірлестігінің апталығының жоспарына сай Математика пәнімен ашық сабақ 1 курс 24 топ Техник құрылысшы мамандығының студенттеріне ұйымдастырылды. Пән оқытушысы: Кабдушева Ж.С.
Такырыбы: Вектор тарауын қорытындылау
Мақсаты: векторларды қосу, азайту, векторды санға көбейтуді және де координаталық түрдегі векторлардың скаляр көбейтіндісі формуласын білу, есептер шығаруда қолдану