Салауатты өмір салтын қалыптастыру – денсаулық кепілі

Денсаулық — тəн, рухани жəне əлеуметтік игіліктің жиынтығы.

Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау — бəрі де денсаулыққа қызмет етеді десек, қателеспейміз.

Қазіргі уақыттағы əлеуметтік-экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы жəне экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, əсіресе өскелең ұрпақтың денсаулығына кері əсерін тигізуде.

Ел Президентінің «Қазақстан – 2030» Жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі -«Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мəн əл ауқаты» тармағында: «…азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы жəне оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін» азаматтарымызды салауатты өмір салтына əзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тəуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тəрбиелеу басты талап етіп қойылған.

Атырау энергетика және құрылыс колледжінің – 100 студентті Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұйымдастыруымен өткен “Денсаулық фестивалі – 2018” секірпемен секіру шарасына қатысып қайтты!

 


Жарияланды: 23.09.201813:40

Автор: