«Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты салтанатында алғашқы қоңырау сыңғырлата соғылды.

Еліміздің барлық оқу орындарындағы сияқты екінші қыркүйекте Атырау энергетика және құрылыс колледжінде Білім күніне арналған «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты салтанатында алғашқы қоңырау сыңғырлата соғылды.
Колледж есігін алғаш ашып отырған 15 мамандық бойынша 275 студент үшін бұл күн – болашақ мамандық алуға жасап отырған алғашқы қадам, жаңа бастамалар мен ұмтылыстар, өзін-өзі таныту мен дамыту мүмкіндігі. Олардың алдарында еліміз үшін өзекті болашақ техникалық мамандар ретінде кәсіптің жаңа қырларын игеру міндеті тұр.
Өмірін сүйікті мамандығына – жас ұрпаққа білім беруге, тәрбиелеуге, мамандар даярлауға арнаған білім беру саласының барлық қызметкерлеріне жаңа жетістіктер мен ұдайы ізденіс, шығармашылық, мықты денсаулық және тек сәттілік тілейміз!

 


Жарияланды: 06.12.201907:23

Автор: